kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Мобильдік ХҚКО Көкпекті ауылында жұмыс істеуде

Мобильдік халыққа қызмет көрсету орталығы су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету үшін Көкпекті ауылына сапарға шықты. Қазір Мобильдік ХҚКО қызметкерлері жоғалған және бүлінген құжаттарды қайта қалпына келтіру бойынша жан-жақты кеңес беруде, мемлекеттік қызметтер алуға өтініштер қабылдауда, сондай-ақ оларды ауыл адамдарына беруде.

Бұхар Жырау ауданының Мобильдік ХҚКО-ы Көкпекті ауылына 31 наурызда барды. Сол күннен бастап-ақ адамдар кеңес алуға жүгіне бастады, тұрғындардың басым көпшілігі дүлей апаттың салдарынан паспорт және жеке куәліктерінен ғана айрылып қана қоймай, сондай-ақ үйдің техникалық паспортын, машинаның құжаттарын, білімі туралы дипломдарын және т.б. жоғалтқан.

«Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс тобы Көкпекті әкімдігінің ғимаратында күшейтілген режімде жұмыс жасауда. Мемлекеттік қызметтер көрсету мен құжаттарды қайта қалпына келтіру бойынша түсіндірме жұмыстары таң атқаннан кеш батқанша дейін жүргізіліп жатыр»,- деп атап өтті «ХҚКО» РМК бас директорының орынбасары Әсемгүл Балташева.

Бұл орайда, Мобильдік ХҚКО-ның шалғай жатқан елді мекендерде тұрып жатқан тұрғындарға мемлекеттік қызметтер көрсету үшін арнайы жұмыс жасап жатқандығын атап өту керек.

Қазір Қазақстанда 70 Мобильдік ХҚКО сәтті жұмыс жасауда. Олардың сапарға шығу кестелері «ХҚКО» РМК сайтында үнемі жарияланып тұрады.

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза