Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



14ж.24.03. бастап 14ж.31.03. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары

1.     19 сағ. 40 мин. құлпы желініп қалғандықтан сыртқы есікті аша алмай тұрғандығы жөнінде хабарлаған жалғыз тұратын зейнеткерден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты. 

2.     11 сағ. 43 мин. өз қамқорлығындағылардың халін білу үшін келгендігі және есік ішінен ысырмаға жабық тұрғандықтан өз кілтімен сыртқы есікті аша алмай тұрғандығы жөнінде хабарлаған әлеуметтік жұмыскерден қоңырау түсті. Пәтерде екі адам тұрады сал әжей және оның екінші топтағы мүгедек ұлы. Әжей көмекке шақырып жатты. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты, ер адамды тірліктің белгісісіз бөлмелердің бірінен тапты, әжей тірі күйінде өз төсегінде жатты. Құтқарушылар полиция қызметкерлерін шақыртты.   

3.     19 сағ. 10 мин. есік ішінен ысырмаға жабылып қалғандықтан, пәтеріне кіре алмай тұрғандығы, ал пәтерде 7 айлық бала бар екендігі жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты.   Бала пәтерде болды, зардап шеккендер жоқ.

4.     14 сағ. 41 мин жүйке ауруымен ауыратын адам бар пәтердің есігін ашуға көмек керек екендігі жөнінде хабарлаған жедел жәрдем фельдшерінен қоңырау түсті.   Құтқарушылар оқиға орына келіп, учаскелік инспектордың келуін тосты. Содан кейін әйел үшін ешқандай өмір қауіпі болмағандықтан, учаскелік инспектор есікті бұзудан бас тартты. 

 

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз: 22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

 

 «ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД

       Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

2-құтқару бөлімшесінің басшысы                              Б.К. Жумагожин