Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Су тасқынынан қорғау шаралары

Су тасқыны ықтимал аудандарда елді мекенге, экономикаға және қоршаған табиғат ортасы үшін бұзушылық факторларын және салдары әрекетінің деңгейін төмендетуге бағытталған ескерту шаралар қатарын өткізіледі. Осындай шараларды алдынғы демек, алдын ала өткізілетін және жедел елді мекендер аумағын басу қауіпі кезінде өткізілетін шараларға бөлуге болады.

Ең тиімді алдынғы уақыттағы шараларға

Көрсетілген алдын ала ескерту шараларын өткізу көп шығынды талап етеді, алайда су басқынының шығын сомасы осы шығындардан асып кететінің байқау керек.

Тікелей су басқыны қауіпінде судың жайылуын шектеу үшін аймақтарда ағын каналдарын салады, балшықтан қоршау белдіктерін және бөгеттерін, құм, тастар және тағыда басқа материалдармен қаптарды тұрғызады.

Қыста қоршау белдіктерін және бөгеттерін тұрғызуда жылдамдату мақсатында көбінесе оларды қар немесе мұздан салады.

Жедел-ескерту шараларына:

Су тасқынынан қорғау бойынша тиімді және дәл уақытында ескерту шараларын өткізуді қамтамасыз ету маңызды шарттары оны болжау болып саналады. Су басудың дамуы, сипаты және ауқымын ғылыми негіздеу су басқынының қауіпі болу уақытын шамамен көрсетілетін гидрометеоролиялық болжау шеңберінде жүзеге асырылады (мысалы, өзіннің ашылуы немесе қатуы, қатты жауын шашын, мұз бөгеттернің жасалуы ықтималы) күтілетін  судың көтерілуінің және тұруының көп деңгейі және ұзақтығы, басу көлемі және басқа.

Болжамдар қысқа мерзімді – 10-12 тәулікке дейін және көп мерзімді 2-3 айға дейінгі және одан көп болып бөлінеді. Олар жергілікті (жеке өзен және су қоймаларының телімі үшін) немесе күтілетін көлемі және мерзімі туралы мәліметтердің аймағы бойынша негізделген аймақтық  болуы мүмкін. Көп жылғы тәжірибе су тасқынынан келетін шығын дәл уақтылы және сенімді болжам, ақпарт және хабарландырудың ретке келтірілген жақсы қызметтері, тұрғындардың ұйымшылдығы және дайындығы болған кезде азаятындығын көрсетті.

Өз үйлерін қорғау үшін тұрғындарды көшірудің алдындағы уақыт болған жағдайда келесіні істеу керек:

Көшірілудің басталуы туралы ақпаратты алған кезде жылдам құжат және ақшамен пакетті; медициалық қобдишаны, үш күндік азық-түлік қорын; төсек орынды және ішкі киімдерді, сыртқы киім және аяқ киім жиынтықтарын алу керек. Содан кейін орнатылған мерзімде тіркеу және қауіпсіз орынға жол жүру үшін  алдын ала тағайындалған көшіру орнына келу керек. Көшірілу жаяу жүру, қоғамдық немесе жеке автокөлікпен жүзеге асырылуы мүмкін. Су деңгейінің алаңсызда көтерілген жағдайда жылдам уақытта биік тұрған қауіпсіз орынды басу керек және суда әр түрлі жүзу құралдарының көмегімен немесе саяз және жылдам емес өткелдер бойынша жаяу жүру тәртібімен көшірілуге дайын болу керек. Осындай жағдайда өзін басқаруды жоғалтпай керек, құтқарушыларға дүлей белгілерін беру керек. Тәуліктің жарық уақытында белгі  жоғарыда ілінген, ақ немесе түсті шөберектің көмегімен беріледі, ал түңгі уақытта электрлік фонарьмен, алаумен беріледі.Көмек келгенше немесе су түскенше жүзу құралдарымен немесе тік ұшақ арқылы сіздерді табуға көмектесетін ғимараттың үстінгі қабаттарында немесе шатырында, ағаштарда және басқада жоғары орындарда қалу керек. Құтқарушылар жақындаған жаймен, байбаламсыз және әбігерсіз, қауіпсіздік шараларын сақтаумен кезде жүзу құралына өту керек. Оның қозғалу уақытында экипаждың нұсқаулығын қатаң сақтау керек, бекітілген орындарды тастауға және жиегіне отыруға болмайды. Доңғалақты көлік құралдарында (автокөлік, велосипед) су басқан жерлер арқылы көшуге болмайды, терең шұңқырға түсіп кету қауіпі бар.

Үйге немесе ғимаратқа кірмес бұрын кіру қауіпті емес екеніне көз жеткізу керек. Ғимаратта желдету үшін әйнектерді және сыртқы есіктерді бірнеше минөтке ашу керек. Ішкі бөлмелерді тексерген кезде ауада газ болу мүмкіндігенен сіріңкені немесе жарық түсіргіштерді қолдануға болмайды, ең жақсысы осы мақсатта батарейдегі электрлік қолшамдарды пайдалану. Электр желісін  және су құбырларының жағдайын мамандармен тексерілмей, оларды пайдалануға қатаң тыйым салынады.

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ»

ММ басшысы                                                                        Кабидолдин Б.С.