kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Сарсенбаева Акбота Жагпаркызы: вопрос

салеметсизбе?мен мектеп жанынан казакша дайындык курсын не болмаса шагын орталык ашсам дегенмин,соган сиздерге барып биле аласыз деген.соган не истей аламын?алдын ала рахмет! 

Құрметті Ақбота  Жағыпарқызы!

 

Сіздің  қала әкімінің ресми  сайтына жолдаған, мектепке дейінгі шағын-орталық ашу мәселесі бойынша  өтінішіңізге  білім  бөлімі хабарлайды. 

Мектепке дейінгі мекемені ашу үшін  тиісті ғимарат, материалды-техникалық  және кадрлық қамтылым, оқушылар  құрамы болуы қажет.

Сонымен қатар,  Сізге  ұйымның Жарғысын әзірлеуіңіз  керек, құрылтайшылық құжаттарды алуыңыз қажет  (заңды тұлғаны   мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, ЖСН, жылжымайтын мүлікке  (оқшауланған)  мемлекеттік тіркеу құқығы туралы куәлік  және  олармен жасалған мәмілелер немесе  шағын орталық үшін ғимаратты (үй-жайды)   сату-сатып алудың (жалға алудың)  келісімшарты, жерді тұрақты пайдалану  құқының актісі),   санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды және өрт қауіпсіздігіне  сәйкестік бойынша ТЖ  қорытындысы.

Оған қоса,  Сіздің   мектепке дейінгі жеке меншік мекемені  ашарда мемлекеттік міндетті  тапсырысты орналастыру мүмкіндігіңіз бар.  «Балапан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес республикалық бюджет қаржысынан 1 баланы күтіп-ұстағаны үшін  педагогтардың еңбек жалақысына,  коммуналдық және ағымды шығындарға (күрделі шығындар мен  МТБ жарақтаудан басқа) ақшалай қаражат бөлінеді.

Мектепке дейінгі жеке меншік мекемені  ашу бойынша  басқадай ақпарат пен  нормативтік құжаттарды  Сіз     МәшҺүр  Жүсіп  көшесі, 101 үй,  № 6 каб.,  білім бөлімінен алуыңызға болады.

Қазақстан Республикасының  2007 жылғы  12.01-дегі  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 10-бабы негізінде  Сіздің қабылданған шешімге  шағымдануға құқыңыз бар.

 

Бөлім басшысының

міндетін атқарушы                                                          Н.Макумова

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза