Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«ЕЭК» АҚ «Восточный» кенішінің III Екібастұз кенорнының «Балластный» ұсақ тас карьерін өнеркәсіптік өңдеу жобасын қарастыру жөнінде қоғамдық тыңдаудың хаттамасы

Өткізілген күні: 2014ж. 28.03.

Өткізілген орны:  Екібастұз қ., «Восточный» кеніші, Әкімшілік-тұрмыстық кешен, акт залы

 

Қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылған:

Екібастұз қаласының әкімдігі, «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» акционерлік қоғамы

                                                             (мекенді орындаушы орган)

Қоғамдық тыңдаулар өткізілуі туралы ақпарат қоғамға жеткізілді:

 «Голос Экибастуза» газеті, 2014 ж. 06 наурыздағы №9. шығарылымы

(қолданылған ақпарат құралдарын көрсету, мысалы, БАҚ атауы және жариялау күні)

 

Қатысқандар:

  1. С.К. Дуйсекенова – Екібастұз қаласы әкімдігінің «ТҮКШ, ЖК және АЖ» ММ бас маманы
  2. Э.Х. Даутов – «ЕЭК» АҚ «Восточный» кеніші техникалық қызметінің бастығы
  3. А.Г. Бурыкина – «ЕЭК» АҚ «Восточный» кеніші ҚОҚТ бастығы
  4. А.У. Жакенов – ҚОҚТ жетекші иженері - экологы
  5. Т.Б. Бейсенбаев – Екібастұз қ. тұрғыны
  6. А.А. Байкин – Екібастұз қ. тұрғыны
  7.  В.А. Ломакин – Екібастұз қ. тұрғыны
  8. Б.А. Аленаев – Екібастұз қ. тұрғыны
  9. С.А. Прокопович– Екібастұз қ. тұрғыны
  10. Килыбеков М.Т. – Екібастұз қ. тұрғыны

Қоғамдық тыңдауларды бастаған - «ТҮКШ, ЖК және АЖ» ММ бас маманы С.К. Дуйсекенова

        Қоғамдық тыңдаулардың төрағасы болып ҚОҚ тобының бастығы А.Г. Бурыкина және хатшы болып «Восточный» кенішінің жетекші инженері-экологы А.У. Жакенов сайланды.

Тыңдаулардың төрағасы А.Г. Бурыкина күн тәртібін және тыңдаулардың уақыт тәртібін бекітуді ұсынды.

 

Қоғамдық тыңдаулардың күн тәртібі:

  1. Техникалық қызмет бастығының жобаның негізгі шешімдерін сипаттай отырып, сөз сөйлеуі. (10 мин)
  2.  ҚОҚ тобы бастығының «Балластный» карьерін өңдеу кезіндегі экологиялық әсерлер туралы сөз сөйлеуі. (5 мин)
  3. «ЕЭК» АҚ «Восточный» кенішінің III Екібастұз кенорнының «Балластный» ұсақ тас карьерін өнеркәсіптік өңдеу жобасын талқылауға салу. (сөз сөйлегендерге 5 минуттен)

 

Қоғамдық тыңдаулардың күн мен уақыт тәртібі бекітілді.

   

Сөз сөйлегендер:

Э.Х. Даутов – «ЕЭК» АҚ «Восточный» кеніші техникалық қызметінің бастығы  - «ЕЭК» АҚ «Восточный» кенішінің III Екібастұз кенорнының «Балластный» ұсақ тас карьерін өнеркәсіптік өңдеу жобасының негізгі техникалық шешімдерін, жұмыстар аумағының жалпы мінездемесін сипаттады және қабылданған техникалық шешімдер 26 жыл ішінде 7168,0 мың.м3 көлемінде теңгерімдік босалқы қорлардың қазып алынуын қамтамасыз ететінін түсіндірді.

А.Г. Бурыкина - «ЕЭК» АҚ «Восточный» кеніші ҚОҚТ бастығы - «Балластный» ұсақ тас карьерін өңдеуді іске асыру кезіндегі экологиялық әсерлер туралы айтып берді.

  Қоғамдастық өкілдердің сұрақтары, ұсыныстары және  ескертпелері:

Сұрақ:  М.Т. Килыбеков, мүдделі қоғамдастықтың өкілі (Екібастұз қ. тұрғыны)

Ұсақ тас карьерінің СЗЗ шекарасында өңделуі кезінде оның әсері қандай?

Жауап: А.Г. Бурыкина, «ЕЭК» АҚ «Восточный» кеніші ҚОҚТ бастығы

Ұсақ тас карьерін өңдеу кезінде пайда болған атылулардың СЗЗ шекарасындағы атмосфералық ауаға әсері эмиссиямен алдын ала келісілген шекарада болады.  Зертханалық зерттеу деректеріне қарағанда ластанудың нақты деңгейі елді мекендердегі ауа үшін орнатылған ШМК - дан төмен.

 

Сұрақ:  А.А. Байкин, мүдделі қоғамдастықтың өкілі (Екібастұз қ. тұрғыны)

Осы жоба Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық сараптамадан өтті ме?

Жауап: Э.Х. Даутов, «ЕЭК» АҚ «Восточный» кеніші техникалық қызметінің бастығы

Бүгінгі күнде осы жоба Екібастұз қ. бойынша МСЭҚБ сараптамадан өтті, 2013 ж. 30.10. №3-27а/430 жағымды қорытындысы алынды.

Талқылауға салу нәтижесі бойынша негізгі қорытындылар:

  1. III Екібастұз кенорнының «Балластный» ұсақ тас карьерін өнеркәсіптік өңдеу жобасын тиісті редакцияда қабылдау. Бұл шешім бірауыздан қабылданды.

 Қоғамдық тыңдаулардың төрағасы:

А. Г. Бурыкина

 (Аты-жөні, тегі (болған жағдайда), қолтаңбасы)

Қоғамдық тыңдаулардың хатшысы:

А. У. Жакенов

 (Аты-жөні, тегі (болған жағдайда), қолтаңбасы)