Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 15 қазандағы «Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын

Екібастуз қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы №143/2 қаулы

(Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 11 наурыздағы №12-3-322 тіркелді)

 

Екібастұз қаласы әкімдігінің 2004 жылғы

15 қазандағы «Эротикалық сипаттағы

материалдар жариялайтын мерзімді

баспасөз басылымдары бөлшек

саудасының Қағидасын бекіту туралы»

№538/11 қаулысына өзгерістер

енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 31-бабының 2-тармағына, 37-бабына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 14-бабының 2-тармағына сәйкес Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 15 қазандағы «Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдары бөлшек саудасының Қағидасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2776 болып тіркелген, 2004 жылғы 2 желтоқсанда № 49 «Вести Экибастуза» және № 49 «Отарқа» газеттерінде жарияланған) № 538/11 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

2-тармақтағы:

«(Е.М. Қабдылов)», «(Ж.С. Рахымбаева)» сөздері алынып тасталсын;

«Екібастұз қалалық ішкі істер бөлімімен» сөздері «Екібастұз қаласының ішкі істер басқармасымен» сөздерімен ауыстырылсын;

эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдары бөлшек саудасының Қағидасына қосымшадағы «Ленин» сөзі «Мәшһүр Жүсіп» сөздерімен ауыстырылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А.К. Мардановаға жүктелсін.

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Екібастұз қаласының әкімі

А. Вербняк