Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



2014 жылғы 21 ақпандағы № 10-ө өкімі Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 12 ақпандағы «Екібастұз қаласының аумағындағы әлеуметтік –экономикалық ахуалды реттеу жөніндегі шаралар туралы» № 4-ө өкіміне толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 33 – бабына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар тұтыну тауарларына және қызметтеріне мониторинг жүргізу мақсатында:  

1. Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 12 ақпандағы «Екібастұз қаласының аумағындағы әлеуметтік –экономикалық ахуалды реттеу жөніндегі шаралар туралы» № 4-ө өкіміне келесідей толықтыру енгізілсін:

Екібастұз қаласының ауылдық елді мекендеріндегі сауда нүктелерінде және нарықтарда әлеуметтік маңызы бар азық – түлік және азық түлік емес тауарлары мен ұнға, ауыл шаруашылық жануарлары үшін мал азығына, шаруашылық қажеттілік үшін суға баға мониторингін жүргізу жөнінде  жұмыс тобына «Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі Павлодар облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Екібастұз қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы Канатбек Кизатович  Токатов (келісім бойынша) енгізілсін.

2. Осы өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

 

Екібастұз қаласының

            әкімі                                                              А. Вербняк