Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



2014 жылғы 28 қарашадағы № 11-ө өкімі Болжамды көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету және бюджетке түсетін қосымша қорларды іздестіру жөніндегі жұмыс комиссиясы туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» № 148 Заңының 33 – бабына сәйкес:

1. Болжамды көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету және бюджетке түсетін қосымша қорларды іздестіру жөнінде жұмыс комиссиясы (бұдан әрі – жұмыс комиссиясы) 1 – қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.

2. Жұмыс комиссиясының ережесі 2 – қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

 

 

Екібастұз қаласының

            әкімі                                                                          А. Вербняк

Екібастұз қаласы әкімінің

2014 жылғы  «28» ақпандағы

№ 11-ө өкіміне

1 - қосымша

Болжамды көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету және бюджетке түсетін қосымша қорларды іздестіру жөніндегі жұмыс комиссиясының құрамы

 

 

Динара Қадырханқызы

Сәдуақасова  

 

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы 

Есенгелді Монтайұлы

Кадрин

Екібастұз қаласы бойынша салық басқармасының басшысының орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары

 

Жанаргүл Амантайқызы

Ахметова

 

«Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі,  комиссия хатшысы

 

Комиссия мүшелері:

 

Мырзажан Акрамұлы

Үсенов

Екібастұз қала әкімінің орынбасары 

 

Нияз Құдайбергенұлы

Макраев

 

Екібастұз қаласы әкімінің кеңесшісі

 

 

Сәбит Төлеуұлы

Мұқанов

 

«Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

 

Қанат Бийсембайұлы  

Қапуов

 

«Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

 

Қуанбек Еслямханұлы

Аққазенов

«Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

 

Қуаныш Маратұлы

Қабдуәлиев

«Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы

 

Құсниден Зейнелқабиденұлы

Қасенов

 

«Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы

 

Лариса Павловна

Векшина

 

«Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

 

Роза Кенженқызы

Жүсіпова

 

«Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

 

Зинаида Әшімқызы

Мұхамеджанова

 

«Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

 

Татьяна Алексеевна

Тарасова

 

«Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

 

Қымбат Кенжебайқызы  

Бектемірова

 

 

Екібастұз қаласы бойынша салық басқармасы камералдық бақылау және салық төлеушілермен жұмыс жөнінде бөлімінің басшысы, комиссия төрағасының орынбасары   (келісім бойынша)

 

Ғарифолла Төкенұлы

Әбдірахманов

 

Екібастұз қаласы ішкі істер басқармасы әкімшілік саясат бөлімі басшысының орынбасары  (келісім бойынша)

 

 

Нұрғали Реджепұлы

Жандығұлов

 

Екібастұз қаласы ішкі істер басқармасы әкімшілік саясат бөлімі басшысының орынбасары  (келісім бойынша)

 

Гулжамиля Айтекеевна

Мачульская

 

Екібастұз аумақтық сот  орындаушылар бөлімінің басшысы  (келісім бойынша)

 

Гүлнұр Кәріпжанқызы

Қылышпаева

 

Екібастұз қаласы ішкі істер басқармасы көші-қон полициясы бөлімінің басшысы (келісім бойынша)

 

Нұрберген Маулетбайұлы  

Сейілханов

 

Екібастұз қаласы бойынша статистика басқармасының басшысы (келісім бойынша)

 

Марат Қайырұлы

Махметов

 

«ҒӨОжер» ПФ РМК Екібастұз қалалық бөлімінің басшысы    (келісім бойынша)

 

Абзал Хамзаұлы

Тоқпанов

 

Павлодар облысы бойынша еңбек басқармасы мемлекеттік мекемесінің бас маманы  

 

Темірболат Серікбайұлы

Түнкинов

 

 «Павлодар облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» РМҚК филиалының маманы   (келісім бойынша)

 

Дана Серікжанқызы

Дүйсембина

 

Екібастұз қаласы бойынша әділет басқармасы заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің жетекші маманы

  

Екібастұз қаласы әкімінің

 2014 жылғы «28» ақпандағы

№ 11-ө өкіміне

2 - қосымша

Болжамды көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету және бюджетке түсетін қосымша қорларды іздестіру жөніндегі жұмыс комиссиясы туралы  ереже

1. Жалпы ереже

1. Болжамды көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету және бюджетке түсетін қосымша қорларды іздестіру жөнінде жұмыс комиссиясы (бұдан әрі – жұмыс комиссиясы)  Екібастұз қаласы әкімі өкімімен құрылатын, 2014-2016 жылдарға арналған Екібастұз қаласының  жергілікті бюджетіне түсетін салықтық емес түсімдер, болжамды көрсеткіштер және   қосымша салық түсімдерін іздестіру және басқа міндетті төлемдердің  орындалуын қамтамасыз ету бойынша алқалық-талқылау органы болып табылады.     

2. Жұмыс комиссиясы өз қызметінде Қазақстан Республикасы заңнамасының келесі ережелерін: Бюджеттік,салық, жер кодекстерімен, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы заңнамамен және басқа нормативті-құқықтық актілерді басшылыққа алады.

3. Жұмыс комиссиясы, (бестен кем емес) дауыс құқығы бар саны тақ болатын адамдардан және комиссия хатшысынан құрылады.
         4. Жұмыс комиссиясының құрамына жергілікті атқарушы органдар өкілдері және орталық мемлекеттік органдардың  аумақтық бөлімшелері кіреді.

5. Жұмыс комиссиясын осы саланы жетекшілік ететін Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары төрағалық етеді, төраға болмаған жағдайда төрағаның орынбасары жетекшілік етеді.

 

2. Жұмыс комиссиясының міндеттері

 

6. Жұмыс комиссиясының негізгі міндеті 2014-2016 жылдарға арналған Екібастұз қаласының  жергілікті бюджетіне түсетін салықтық емес түсімдер, болжамды көрсеткіштер және   қосымша салық түсімдерін іздестіру және басқа міндетті төлемдердің  орындалуын қамтамасыз ету үшін кепілдеме, ұсыныстар шығару болып табылады.      

 

3. Жұмыс комиссиясының қызметін ұйымдастыру

 

7. Жұмыс комиссиясы оның мүшелерінің көпшілігі болған жағдайда отырыс өткізеді.

8. Жұмыс комиссиясының хаттамалық шешімі комиссия төрағасы, төрағаның орынбасары  және хатшымен қол қойылады

9. Жұмыс комиссиясы хатшысымен комиссия отырысының хаттамасы жүргізіледі.

        

4. Жұмыс комиссиясы қызметінің  аяқталуы

 

10. Жұмыс комиссиясы өз қызметін Екібастұз қаласы әкімінің өкіміне сәйкес тоқтатады.