Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



2014 жылғы 13 наурыздағы № 13-ө өкімі Екібастұз қаласының аумағында тұрғын үйлерді жалға алу мәселесі бойынша жұмыс тобының құрамына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 33, 37 - баптарына сәйкес және кадрлық өзгерістерге байланысты:

1. Екібастұз қаласы әкімінің 2013 жылғы 4 наурыздағы «Екібастұз қаласының аумағында тұрғын үйлерді жалға алу мәселесі бойынша жұмыс тобын құру туралы» № 12-ө (2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 50-ө енгізілген өзгерістерімен) өкімімен бекітілген Екібастұз қаласының аумағында тұрғын үйлерді жалға алу мәселесі бойынша жұмыс тобының құрамына (бұдан әрі – жұмыс тобы) келесі өзгерістер енгізілсін:

1) жұмыс тобының құрамына Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Динара Кадырхановна Садвакасова комиссия төрағасы болып енгізілсін;

2) жұмыс тобының құрамынан Нияз Кудайбергенович Макраев шығарылсын.

2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

 

Екібастұз қаласының

            әкімі                                                                                   А. Вербняк