Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



2014 жылғы 10 ақпандағы № 3/1-ө өкімі 2011-2015 жылдарға арналған Екібастұз қаласы аумағының даму бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар Жоспарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 33 - бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» № 931 Жарлығына сәйкес және Екібастұз қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 8 қаңтардағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 7 ақпандағы «2011-2015 жылдарға арналған Екібастұз қаласы  аумақтарын  дамыту  бағдарламасы туралы» № 97/1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 1-1/1 қаулысы негізінде:

1. Екібастұз қаласы әкімінің 2011 жылғы 10 наурыздағы № 8-ө өкімімен бекітілген 2011-2015 жылдарға арналған Екібастұз қаласы аумағының даму бағдарламасын іске  асыру бойынша іс-шаралар Жоспарына (бұдан әрі – Жоспар) (Екібастұз қаласы әкімінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 13-ө, 2013 жылғы 5 наурыздағы № 14-ө өкімімен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен) келесі өзгерістер енгізілсін:

осы өкімнің қосымшасына сәйкес Жоспар жаңа редакцияда бекітілсін.

2. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшылары, Жоспарды бекіткеннен кейін:

«Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жылдың және жартыжылдың  қорытындылары бойынша Жоспардың орындалуы туралы ақпарат берсін.

3. Осы өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

 

Екібастұз қаласының

  әкімі                                                                   А. Вербняк