Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



14ж.10.03. бастап 14ж.17.03. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары
  1. 12 сағ. 29 мин. үйіне келгендігі, кілті желініп қалғандықтан, пәтерінің сыртқы есігін өз кілтімен аша алмай тұрғандығы жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті, ал пәтерде 3,5 жасар бала бар. Құтқарушылар, оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты. Зардап шеккендер жоқ.
  2. 19 сағ. 58 мин. қаладан жол жаққа 3 км. шамасында «Гелиос» жанармай бекетінің ауданында, «Тойота-Карола» автокөлігінің жүргізушісі басқара алмай қалғандықтан жол жарықтандырғыш бағанаға соғылғаны, жолаушылардың бірі қысылып қалғандығы, құтқарушылардың көмегі керек екендігі жөнінде хабарлаған куәгерден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен қысылып қалғанды алып шықты және «жедел жәрдем» қызметкерлеріне тапсырды.
  3. 21 сағ. 31 мин. сыртқы есіктің құлпы желініп қалғандықтан пәтеріне кіре алмай тұрғандығы жөнінде хабарлаған жалғыз тұратын зейнеткерден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты.  

 

 

 ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз: 22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД      

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» 3-ші

Кинологиялық қызмет басшысы                                        Куценко Г.А.