Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



2014 жылғы 18 наурыздағы жағдай бойынша азық – түлік және азық түлік емес нарықтарындағы баға ахуалына бақылауды ұйымдастыру туралы

Кәсіпкерлік, қаржы, экономика, статистика бөлімдері, «Қазагромаркетинг» АҚ мен «Нұр-Отан» партиясы өкілдерінен құралған жұмыс тобымен (8 адам санында) қала базарларындағы, бөлшек сауда желілеріндегі әлеуметтік маңызды азық-түліктерге күн сайын баға мониторингі жүргізіледі. Жұмыс тобымен жалпы 10 дүкен және 3 базар қамтылған.

14 наурыздан 17 наурызға дейінгі кезеңде «ыстық желі» телефондарына келіп түскен қоңыраулар жоқ.

Ыстық желі телефондарына монша қызметтеріне бағаның өсуі мәселесі жөнінде бұрын келіп түскен қоңырауларға байланысты жұмыс тобының бастамасымен 2014 жылдың 21 ақпанында Павлодар облысы бойынша Монополияға қарсы инспекциясымен «Монша», «Баня №2», «С легким паром» монша кешендерінің басшыларына монша қызметтеріне бағаның қымбаттауына әкеп соққан себептерді анықтау мақсатында сұрау салу жолданды.

Павлодар облысы бойынша Монополияға қарсы инспекциясының 2014 жылғы 11 наурыздағы №28-3-07/523 ресми қорытындысына қарағанда монша қызметтеріне бағаның өсуі негізді болып табылады.