Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласының медиаторлары

  

2011 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы (бұдан әрі - Медиация туралы Заң) қабылданды. Осы заңның ресми қабылдануына үлкен дайындық, әрі ғылыми – зерттеу жұмыстары алғы шарт  болды. 

«Медиация туралы Заң» -  біз үшін үшінші тараптың – медиатордың қатысуымен дауларды реттейтін сот талқылауындағы баламалы жүйе болып табылады.   

Қазақстанда медиация рәсімін енгізу және қолданудың бірінші тәжірибесі, медиация күнделікті өмірдің бір бөлігіне, жалпы қазақстан қоғамының ортақ мәдениетіне айналатынын нақты көрсетіп отыр.

Қазақстанда медиация институтының даму перспективасын көруге бола ма әрі соттан тыс реттеу жүйесін біздің қоғамға енгізу ерте қолға алынған жоқ па? деген сауалға медиаторлар былай дейді:   

«Медиаторлар ретінде айтарымыз, бұл дер кезінде қолға алынған іс, өйткені тәжірибе көрсетіп отырғандай бітімгерлердің жұмысына деген қажеттілік бар. Медиация сот жұмысында да, қарапайым азаматтардың мәселелерінде де лайықты орын алады, өйткені оларға медиатор дегеніміз кім, ол қандай функцияларды атқарады, әрі қай жағдайда медиаторға жүгінуге болады ? - деген сияқты нақты түсініктер берілмек.» әуле Саяхова, кәсіпқой медиатор).  

Медиация туралы Заңның 16 – бабы негізінде аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан әкімі, аудандық маңызы бар қаладағы, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі Қазақстан Республикасының аумағында кәсіби емес негізде медиацияны жүзеге асыратын кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді.

Екібастұз қаласы әкімінің 2013 жылғы 10 қыркүйектегі өкімімен «Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Екібастұз қаласы бойынша кәсіби емес медиаторлардың тізілімін жүргізу үшін уәкілетті орган болып белгіленді.   

Медиация туралы Заңның 16 – бабына сәйкес медиацияны кәсіби емес негізде жүзеге асыратын медиаторлар кәсіпқой емес медиаторлар тізіліміне қосылу үшін Екібастұз қаласы әкімінің аппаратына жеке куәліктерінің, үміткердің тұрғылықты жері бойынша наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымнан және психоневрологиялық ұйымнан берілген медициналық анықтамаларды, соттылығының жоқтығы туралы анықтаманы қоса ұсына отырып жүгінуге міндетті.

Медиация туралы Заңның 9 – бабына сәйкес тәуелсіз, бейтарап, істің нәтижесіне мүдделі емес, медиация тараптарының өзара келісімі бойынша таңдалған, медиаторлар тізіліміне қосылған және медиатордың функцияларын орындауға келісім берген жеке тұлға медиатор бола алады.

Қырық жасқа толған және кәсіпқой емес медиаторлар тізілімінде тұрған тұлғалар медиатор қызметін кәсіби емес негізде жүзеге асыра алады.

Мыналар мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті және оған теңестірілген; заңда белгіленген тәртіппен сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған; оған қатысты қылмыстық қудалау жүзеге асырылатын; заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам медиатор бола алмайды.

Екібастұз өңірінің 13 ауылдық округінде, кентінде және ауылында, сондай-ақ Тізілімде кәсіпқой емес медиаторлар бар.

Тізілім туралы ақпаратты ауылдық округтер, кенттер мен ауылдар әкімдерінің аппараттарында және Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтындағы «Ауылдық округтер» айдарынан мемлекеттік және ресми  тілдерде  алуға болады.  

 

Екібастұз қаласы әкімі

аппараты мемлекеттік – құқық

бөлімінің бас маманы                                                  М. Сатвалдинова