Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз Наурызды тойлауға дайындалуда

Екібастұздықтар көктем және молшылық мерекесі - Наурыз мейрамын тойлауға дайындалуда. Наурызды мерекелеу аясында халықтық ойын-сауық, концерттер, жәрмеңкелер, сайыстар, спорттық іс-шаралар өткізіледі.

Қала әкімінің жетекшілік етуімен ұйымдастыру комитеті құрылды. Мереке қарсаңында қала аумағының санитарлық тазартылуы мен аббатандырылуы бойынша дәстүрлі айлық жарияланды. Оралымішілік аймақтарды, көшелерді, саябақтарды, гүлзарбақтарын жинау басталды.

18 наурыздан бастап  «Қамқорлық» қайырымдылық марафоны басталды. Қала бизнесмендері, мекемелері және банктері Ұлы Отан соғысы қатысушыларына, жалғыз басты зейнеткерлерге және мүгедектерге қолдау жасауда.

Мейрамды тойлау 14 наурызда «Қайнар» білім беру-демалыс орталығында өткен «Балапан-2014» атты ән сайысымен басталды.

         Наурыздың 15-нен 21-не дейін қалалық және ауылдық кітапханаларда «Наурыз-көктем»  кітап көрмелері, әр түрлі сайыстар мен тақырыптық кештер ұйымдастырылды.

         Наурыздың 19-нда Мұсылман-әйелдер лигасының ұйымдастыруымен «Бірлік  алуан түрлілікте»  атты  этно-жобасының аясында «Мүшел той» өткізіледі.

         Сол күні «Атамұра» мәдениет орталығының шығармашылық ұжымының қатысуымен тетарланған көрініс - «Селт еткізер сезім» атты  сахналық қойылым көрсетіледі.

«Өнер» қалалық мәдениет орталығында «Армысың, Әз Наурыз!»  концертімен Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Жәнібек Мәліков сахнаға шығады.

 Наурызды тойлауға орай Энергетиков көшесіндегі 60-үй табыс етіледі. Екібастұздың 36 тұрғыны жаңа пәтерлердің кілттеріне қол жеткізеді, олардың 23-і жетім бала, 8-і бюджет ұйымдардың қызметкерлері, 5-і халықтың әлеуметі осал тобынан.

  Негізгі іс-шаралар  22 нау­рызда қала орталығындағы «Қазақстан» кинотеатрының алаңында және 19-шағынаудандағы «Өнер» ҚМО жанында «этноауыл» құрылып, өткізілмекші.  

        Дәстүр бойынша Екібастұз өңіріндегі қала құраушы кәсіпорындар «Богатырь Көмір» ЖШС, «МАЭС-1» ЖШС, «МАЭС-2» АҚ, «Восточный» кеніші, «Горэлектросеть», шағын және орта бизнес кәсіпорындары, білім беру, денсаулық сақтау мекемелері т. б. безендірілген мерекелік киіз үйлер құрылады, онда Құрметті азаматтарға, ҰОС және еңбек ардагерлеріне дәм, сый көрсетілмек.  «Проммашкомплект» ЖШС, «Қазақстан вагонжасау компаниясы» ЖШС, «Орика-Қазақстан» АҚ спорт бөлімімен бірлесіп, Екібастұз ҚТЖ станциясы, «КМФ» шағын кредиттік ұйым тәрізді кәсіпорындарды ерекше атауға болады, олар да биыл киіз үйлерді құрмақшы. Мерекенің қонақтары, яғни барлығы 10 мыңнан аса адам жоғарыда аталған кәсіпорындармен әзірленген Наурыз көжеден, бауырсақтан және тәттілерден дәм тата алады.

Екібастұздың тұрғындары мен қонақтарына аймақтың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен «Ұлыстың күні - ұлы күн» мерекелік концерт  ұйымдастырылады. 

    Бұдан басқа ұлттық және спорттың басқа түрлері – қазақша күрес, кір көтеру, армреслинг, қанат тарту, жарыстар сияқты жаппай спорттық іс-шаралары жоспарда.

Әлеуметтік қолдау шараларымен 5 мыңнан астам адам қамтылатын болады.