Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Сандықтар әлемі» атты жеке көрменің ашылуы

2014 жылдың 5 наурызында тарихи-өлкетану музейінің көрме залында Ақтөбе қаласының ағаш шебері Қанат  Мәмбеталиевтің «Сандықтар әлемі» атты жеке көрмесі ашылды.

Қанат Мәмбетәлиев 1975 жылы Ақтөбе облысы Шалқар қаласында дүниеге келген. Мамандығы инженер-механик.   Бұл өнер атасынан дарыса керек. Себебі атасы ортаға сыйлы, қолы шебер, Ақтөбе өңіріне танымал ағаш ұстасы болған. 2004 жылдан Қанат Сәрсенбайұлы жұмыстан бос уақытында ағаштан тұрмыстық заттар жасауды әуестікке айналдыра бастады, ал 2009 жылы бұл әуестікпен шебер айналыса бастаған. Қазіргі таңда өзінің шеберханасы бар, шәкірттер тәрбиелейді. Көп сұранысқа ие болатындары:  қазақи нақыштағы ою-өрнекпен ойылып жасалған сандық пен бесік. Шебердің жоспарында өз жеке көрмесін өзге облыстарда ұйымдастыру.

Көрменің ашылуына суретші С.Пантелеев, қолөнер шебері З.Төлегенова, мүсінші Б.Қайнышева, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

 Қала қонақтары мен тұрғындарына көрмені 2014 жылғы 5 сәуіріне дейін тамашалауға болады.