Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Бизнесте әкімшілік қысымның азаюы

Тексеру санын азайту мақсатында «Өрт, өнеркәсіптік қауіпсіздік және Азаматтық қорғаныс саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекелдер дәрежесін бағалалау өлшемдері мен тексеру парақтарының бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ТЖ Министрлігі тәуекелдер дәрежесін бағалау жұмыстарын жүргізу бойынша, ТЖ Министірнің бекітілуі бойынша Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 27 маусымындағы № 292 бұйрығы және Қазақстан Республикасының өңірін жүзеге асыру Министірінің міндет атқарушысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 18 маусымдағы № 141/нк бұйрығымен жұмыстар жүргізілді. Бұл Бұйрық  2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап,  арнайы жарияланып, заң күшіне иеленді.

Критерийлерді тексеру қорытындысын шығару барысында, жоғары қауіп-қатер дәрежедегі тұрған 1851 жеке кәсіпкер объектілері, орташа дәрежеге ауыстырылған. Ал 18862 орташа объектілер шамалы қауіп-қатер дәрежеге ауыстырылған.

Жаңа критерийлерге келісілген  158059 жеке кәсіпкерлер бақылауына жататын объектілер ішінен  14300 (9%) жоғары қауіп-қатер деңгейінің субъектісіне жатады, 40337 (26%)- орташа және 103422  (65%) шамалы деңгейіне жатады. Ақырғы тексеріс жүргізу барысында, көбінесе шағын бизнес субъектілердің тексерілуі жоспарланбайды екендігі байқалды.

Сонымен қатар 2013 жылдың бірінші жартыжылында объектілерді 25%-ке  кем тексеруге жоспарлаған, ал  2013 жылдың екінші жартыжылында 40%-ке кем жоспарлаған. Өткен жылдың аналогиялық  кезеңімен салыстырғанда 2014 жылдың жартыжылындағы тексеріс 32 % -ке кем.

Әкімшілік қысымды азайту аясында ТЖ Министріліг бизнеске рұқсат беру құжаттарын азайтты.Жоспарлы және жоспардан тыс тексеруді қысқарту арқылы ТЖМ беретін 199 рұқсатнаманың саны 168-ге дейін кеміген. Өрт қауіпсіздігі жөнінде рұқсат құжаттар 5 есе, ал өндірістік қауіпсіздігі жөнінде 10 есе кеміді.

21 лицензиялау қызметі түрінен 20 лицензия түрі, оның ішінде мемлекеттік өртке қарсы қорытындысын кәсіпкерлерге ұсынуын жойған, осыған қатысты  кәсіпкерлердің арыздары 41 % -ке кеміген.

Жұмыс жүргізу қорытындысы бойынша 2013 жылдың тексерулеріне қарағанда 44%-ке кеміген ( 2013 жылда - 41073 тексеріс, 2012 жылда - 72924).

Соның  ішінде  29243 (71%) жоспарлы тексеріс, ал 2013 жылдың жоспардан тыс тексерісін 2012 жылмен салыстырғанда, өндірістік қауіпсіздігі бойынша – 4 есе төмендеген, ал өртке қарсы қызмет бойынша 3,5 есе төмендеп 11830 (29%) тексеріс құраған, соның ішінде субъектілердің  өз арыздары бойынша 4234 тексеріс және прокуратура тапсырмаларын орындау негізінде сонымен қатар басқа да мемлекеттік органдармен 3033 тексеріс жүргізген.

 Тексеру саны азайтылған болса да, өрт қауіпсіздігін талап ету жөнінде бұқаралық ақпарат арқылы, облыстық және республикалық теледидар арқылы бейнежүгірткіш арқылы қауыммен белсенді жұмыстар жүргізіледі, сонымен бірге интерактивті сабақтар, конкурстар, республикалық  оқыту мекемесіндегі  оқушыларға өртке қарсы тақырыптар жайында викториналар ұйымдастырылады, жылу беру кезеңі басталған кезде, өрт қауіпсіздігі жөнінде жұмыстар жоспарланып жан-жаққа үгіттеу материалдары таратылады.

 

Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы