Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



14ж.24.02. бастап 14ж.03.03. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары

1.     11 сағ. 28 мин. кіші жастағы баласы пәтерінде ішінен ысырмаға есікті жауып алғаны жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты.  Зардап шеккендер жоқ.

2.     14 сағ. 20 мин. құлпы желініп қалғандықтан зейнеткер жастағы көршісі өз пәтерінің сыртқы есігін аша алмай тұрғандығы және пәтерде оның мүгедек күйеуі бар екендігі жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты. 

3.     11 сағ. 09 мин. құлпы желініп қалғандықтан пәтеріне кіре алмай тұрғандығы, пәтерде 3 жасар баласы бар екендігі жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, 8-қабаттың балконынан альп.жабдықтың көмегімен 7-қабаттың балконына түсті, балкон арқылы пәтерге кіріп сыртқы есікті ішінен ашты. Зардап шеккендер жоқ. 

4.     18 сағ. 07 мин 101 кезекші операторынан қоңырау түсті, ол тұрғын үй пәтерлерінің бірінде өрт болып жатқаны, және осы пәтердің сыртқы есігін ашуға құтқарушылардың көмегі керек екендігін хабарлады. Құтқарушылар оқиға орына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты, содан соң өрт сөндірушілермен бірлесе, пәтерде тексеріп шықты. Зардап шеккендер жоқ.

5.     10 сағ. 47 мин. көп пәтерлі үйдің төбесінде қаңылтырдың парағы салбырап тұрғандығы және желдің ұйытқуынан құлау қаупі бар екендігі жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, люк арқылы үйдің төбесіне шықты және салбырап тұрған қаңылтырды алды.

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз:     22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

 

 «ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

кинологиялық қызмет басшысы                                            Куценко Г.А.