Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



14ж.03.03. бастап 14ж.10.03. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары

1.     18 сағ. 15 мин. Горняков-Беркімбаев көшесінің қиылысында «Мазда» және «Тойота Камри» екі автокөлігің соқтығысуы және қысылып қалған адам бар екендігі жөнінде хабарлаған адамнан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келгенде, қасында болған адамдар зардап шеккен адамды автомобильден алып шыққандары анықталды. Содан кейін, құтқарушылар зардап шеккен адамды тексерді және «Жедел жәрдем» қызметкерлеріне тапсырды.

2.     11 сағ. 51 мин. сыртқы есік ішінен жабық тұрғандықтан, есікті аша алмай тұрғандығы жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Ал пәтерде көмек шақырып жатқан әжей бар. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты. Дәрізде зейнеткер жатты, оны төсекке жатқызды, ал қонақ бөлмеде тірліктің белгісі жоқ ата жатты.   

3.     20 сағ. 45 мин. есік ішінен ысsрмаға жабылып қалғандықтан, пәтеріне кіре алмай тұрғандығы жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Ал пәтерде 3 жасар бала бар. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты.   

4.     16 сағ. 35 мин көрші пәтерден аяғы жүрмей қалғандықтан жуынатын бөлмеден шыға алмай жатқандықтан көмекке шақырып жатқан, кәрі жастағы көршісінің даусы шығып жатқандығы жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті.  Құтқарушылар оқиға орына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты, әжей ваннада болды, оны ваннадан абайлап шығарып, құтқарушылар көтеріп диванға жатқызды, «жедел жәрдемді» шақырудан әйел бас тартты.

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз: 22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

 

 «ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

1-ші құтқару бөлімшесінің басшысы                                         С.Ю. Смирнов