Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз басшысы әйелдерді 8 наурызбен құттықтады

2014 жылдың 6 наурызында «Өнер» қалалық мәдениет орталығында  Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өткізілді.

Қала әкімі Александр Вербняк ҰОС және еңбек ардагерлеріне, өндіріс озаттарына, көп балалы аналарға, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және басқа салалардың өкілдеріне арнап құттықтау сөз айтты. «Махаббат және сенім, үміт және қамқорлық – өмірдегі ең негізгі және жақсының барлығын біз әйел затымен атаймыз, - деді ол. – Сеніңіздерші, әйелдің барлығына қалай жететіні – балаларды тәрбиелеу, үйдің жайлылығын жасау, жұмыс істеу, тамаша мансапқа жету,  қоғамдық жұмыспен айналысу, осының бәрі біз үшін – жұмбақ».

Қала басшысы халық әл-ауқатының және еңбектің жақсаруы елбасы ұсынған мемлекеттік жобалардың сауатты жүзеге асырылуына байланысты  екені жөнінде ерекше айтты. Оның айқын мысалы – «2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын» қабылдау.

- Тек Екібастұзда ғана әйелдердің 4-і – қалалық мәслихаттың депутаты. 453-і еңбек ұжымдарының жетекшілері болып жұмыс істейді. 8-і үкіметтік емес қоғамдық ұйымдарды басқарса, 6-ы этномәдени ұйымдарда. Медициналық мекемелерде 50 %  жетекшілік етеді, білім беру 80 % және 70 % - мәдениет саласының қызметкерлері. Мемлекеттік қызметте 174 адам істейді, олардың 53 % басшы. Қала әйелдерінің басым көпшілігі кіші және орта кәсіпкерлікте еңбек етеді,  - деп мәлімдеді Александр Федорович.

         Барлық әйелдерді мерекемен құттықтап, қала әкімі оларға мықты денсаулық, жан жылулығын, көтеріңкі көңіл-күй  және толағай табыстар тіледі.

         Көптеген әйел Екібастұз қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен және алғыс хаттарымен марапатталды.