Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



нурай: вакансия

Саламатсыз ба! Жастарды жұмыссыздық алаңдатады. Еңбек жәрмеңкелері көбірек болса екен. Сіздердің сайттағы вакансиялар тізімі неге ұзақ уақыт жаңартылмайды. Звондасақ, "адам алып қойдық" дейді.

Құрметті Нұрай!

 

Екібастұз қаласы әкімінің сайтына келіп түскен арызға, келесіні хабарлаймыз.

            Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу мәселесі жөнінде Сізге Мәшһүр Жүсіп көшесі 87 А мекенжайы бойынша орналасқан «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, 27 кабинетке өтіну қажет, телефоны 77-00-55.

            Екібастұз қаласы бойынша бос орындар бөлімнің ақпараттық стендтерінде және enbek-ekibastuz.skom.kz. ресми сайтында апта сайын жаңартылып отырады. Бос орындар жәрмеңкесі кестеге сәйкес өткізіледі.

Қазақстан Республикасы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 10-бабы негізінде, Сіздің қабылданған шешімге жоғарыда көрсетілген Заңның 12-бабының талаптарына сәйкес шағымдануға құқыңыз бар.

 

                 «Екібастұз қаласы

  әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және

   әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік

        мекемесі басшысының орынбасары                                  Ә. Базарбаева