Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Азық – түлік және азық – түлік емес базарлардағы баға ахуалы туралы

Кәсіпкерлік, қаржы, экономика, статистика бөлімдері, «Қазагромаркетинг» АҚ мен «Нұр-Отан» партиясы өкілдерінен құралған жұмыс тобымен (8 адам санында) қала базарларындағы, бөлшек сауда желілеріндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерге күн сайын баға мониторингі жүргізіледі. Жұмыс тобымен жалпы 9 дүкен және 3 базар қамтылған.

А.ж. 4 наурызында ыстық желі телефондарына «Алтын орда» дүкенінде қантқа бағаның өсуіне, «Шәкәр» дүкенінде батонның бір бөлкесі 85 теңгеге өскені туралы 2 қоңырау шалу келіп түсті.

Осы келіп түскен мәселелер бойынша себептерін анықтап, тиісті шаралар қолдану мақсатында жұмыс тобымен «Алтын орда», «Шәкәр» дүкендеріне бару іске асты. «Алтын орда» дүкенінде қантқа бағаның өсуі туралы ақпарат расталмады, осы дүкенде қанттың бір килограмы 165 теңгеден сатылуда (қатты көтерме бағамен жеткізуші «Нұранбеков» ЖК-нен бір килограмын 155 теңгеден сатып алған), «Шәкәр» дүкенінде батонның бір бөлкесі 65 теңгеден сатылады.

Жанар-жағар май материалдарының бағасы тұрақты.

 

Валюталар бағамы

2014 ж. 12.02. бағалар

 

2014 ж. 03.03. бағалар.

2014 ж. 04.03. бағалар

2014 ж.                    12 ақпаннан            3 наурыздағы қарқыннан ауытқушылық % 

 

сатып алу

сату

сатып алу

сатып алу

сату

сатып алу

сату

сатып алу

сату

АҚШ доллары

183,68

156,12

185,62

183,81

185,45

183,81

185,37

0

0

Евро

250,68

213,11

253,65

251,37

254,31

251,36

254,15

0

0

Рубль

5,1

4,59

5,46

4,92

5,2

4,9

5,19

-4

-5