Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Абайлаңыз жұқа мұз!

Көктемгі күн сәулесінің астында су қоймаларындағы мұз күпсек және осал болады. Осы уақытта оның үстіне шығу өте қауіпті. Мұз үстіндегі қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін көктемгі мұз үстінде қауіпсіздіктің негізгі талаптары мен ережелерін орындау қажет. Алайда жыл сайын көп адамдар сақтық шаралараын елемейді және көктемгі жұқа мұз үстіне шығады, сонымен өз өмірін өлім қауіп-қатерге ұшыратады. Ол бірінші кезекте балықшылар мен балалар.

      Құрметті ата-аналар! Балаларды бақылаусыз қалдырманыздар. Мұзға шығу салдарының маңыздылығы туралы айтыңыздар. Тек сіз ғана алдын ала баланы қауіп-қатер туралы ескертіп, қайғының алдын ала аласыз. Өз өмірініздің және Сіздің жақындарыныздың өмірін қатерге бас тікпеңіз.

Мұны білу қажет!

Қауіпсіздік мақсатында су қоймаларында мұз үстімен арнаулы мұз өткелдерi жасалған тұстарда ғана қиып өтуге рұқсат етiледi. Мұндай өткел жоқ жерден өткенде алдымен ол жердегi мұздың берiктiгiне көз жеткiзiп алу керек. Мұндай өткел жоқ жерден өткенде алдымен ол жердегi мұздың сүйменмен ұрып байқау ұсынылады. Мұз берiктiгiн аяқпен ұрып байқау өте қауіпті. 

•        адам үшін қауіпсіз болып тұщы суда 7 сантиметрден кем емес ал тұзды суда 15 см. қалындықты мұз болып саналады. Су қоймасын конькиде сырғанауға мұз айдының жасауға, мұздың беріктігін мұқият тексергеннен кейін рұқсат етіледі, оның қалындығы 12 см. кем емес болу керек, ал көпшілік сырғанауда – 25 см. кем емес болу керек.

•       өзен сағасында және саласында мұз әлсіз келеді. Мұз жылдам ағыс орындарында, су бұрқақтап ағып жатқан және ағып жатқан жерлерде, сондай-ақ балдыр өсетін аудандарында, ағаштарға, көшет және қамыстарға жақын жерлерде әлсіз. 

•        Егер 3 күннен аса ауа температурасы 0 градустан жоғары болып тұрса, онда мұздың беріктігі 25% төмендейді.

•        мұздың беріктігін көзбенде анықтауға болады: мұз көгілдір түсті – берік, ақ – оның беріктігі 2 есеге кем; сұр, күнгірт-ақ немесе сары реңкті болса мұз осал.

Қатерге ұшыраған болсаңыз, не істеу керек:

   Аяқ астынызда мұз ойылған жағдайда қолдарыңызды кең қойып, мұз үстінде тұрып қалу керек, артық қозғалыссыз қатты мұзға еңбектеп баруға тырысып,  содан сон арқаңызға жатып немесе кеудеге жатып, келген жаққа жылжып, сонымен қатар көмекке шақыру керек.

Мұз астына түсіп кеткен адамға абайлап жақындау қажет, дұрысы жатып. Көмек көрсету үшін тақтай, саты, сырық, қармақ, арқанды пайдалану өажет, ал егер ондай болмаған жағдайда жатып, бір бірінін аяғынан ұстап тізбек арқылы зардап шеккенге жылжу керек. Осында зардап шеккенге бірінші адам белдік, киім және т.б. береді.

 Құтқарылған адамды тез арада жылыту керек: құрғақ киім кигізіп, жылы сусын немесе тәтті нәрсе беру керек.

Есте сақтаңыз! жоғарыда аталған ережелерді сақтамау қатерге әкелуі мүмкін. өз өміріңізді жөнсіз қауіпке ұшыратпаныз!

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

2-құтқару бөлімшесінің басшысы»                                 Жумагожин Б.К.