Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



2014 жылғы 28 ақпандағы жағдай бойынша әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтерге жүргізілген баға мониторингі туралы

Кәсіпкерлік, қаржы, экономика, статистика бөлімдері, «Қазагромаркетинг» АҚ мен «Нұр-Отан» партиясы өкілдерінен құралған жұмыс тобымен (8 адам санында) қала базарларындағы, бөлшек сауда желілеріндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерге күн сайын баға мониторингі жүргізіледі. Жұмыс тобымен жалпы – 11 дүкен және 3 базар қамтылған.

А.ж. 27 ақпанында «ыстық желі» телефондарына Муниципалдық базарда картопқа, қантқа және «Береке» дүкенінде қантқа бағаның өсуіне қатысты 6 қоңырау шалу келіп түсті.

Осы келіп түскен мәселелер бойынша себептерін анықтап, тиісті шаралар қолдану мақсатында жұмыс тобы Муниципалдық базарға және «Береке» дүкеніне барды. Муниципалдық базарда тұрақтандыру қорының өнімдері, соның ішінде, картоп килограмы 50 теңгеден, қант килограмы 150 теңгеден сатылады. Бұдан басқа, «Үміт» агроазық-түлік компаниясының картобы 1 килограмы 60 теңгеден сатылады. «Береке» дүкенінің басшысымен қантқа сауда үстемесі деңгейін 10% артық емес мөлшерде сақтау жөнінде түсіндірме жұмысы жүргізілді және қанттың килограмын 190 теңгеден 165 теңгеге дейін  төмендету туралы келісімге қол жеткізілді.  

2014 жылғы 11 ақпанға дейін орын алған орташа бағалармен салыстырғанда бағаның өскені байқалады:

- пияз 33,3%-ға (60 теңгеден 80 теңгеге дейін). Пияздың бағасын тұрақтандыру мақсатында 2014 жылдың 27 ақпанында «Жақыпбеков» ЖК («Екібастұз қаласы әкімдігінің муниципалдық базары» ЖШС) Өңірлік тұрақтандыру қорынан килограмы 67 теңгеден 1,0 тонна мөлшерінде пияз сатып алды және бұл өнім бөлшек сауда желісінде килограмы 80 теңгеден сатылуда. Сондай-ақ, осы өнім килограмы 80-85 теңгеден Қарағанды қаласының базарларынан жеткізіледі.

- сәбіз 5,3 %-ға (57 теңгеден 60 теңгеге дейін). Сәбізге бағаны тұрақтандыру мақсатында а.ж. 24 ақпанында Өңірлік тұрақтандыру қорынан «Солтанғожина» ЖК («Нұр» әлеуметтік сауда павильоны) 2,5 тонна сәбіз сатып алу іске асты және бөлшек сауда желісінде килограмы 50 теңгеден  сатылуда. Сонымен қатар, осы өнім килограмы 60 теңгеден Қарағанды қаласынан әкелінеді.   

- қияр 6,0%-ға (500 теңгеден 530 теңгеге дейін) – Қарағанды қ. әкелінеді, «Шығыс» базарында бағасы 450 теңгеден 486 теңгеге дейін көтерілген;

- қызанақ 10,0%-ға (500 теңгеден 550 теңгеге дейін) – басқа облыстардан әкелінеді (Қарағанды) «Шығыс» базарында бағасы 450 теңгеден 486 теңгеге дейін көтерілген.

Жанар-жағар май материалдарының бағасы тұрақты.

 

 

2014 жылғы 28 ақпандағы жағдай бойынша Екібастұз қаласы деңгейінде  валюта айырбасының орташа алынған бағамы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Валюта бағамы

12.02.2014 ж. бағам

 

28.02.2014 ж. бағам          

2014 ж.                    12 ақпаннан            27-ндегі қарқыннан ауытқушылық % 

 

 

сатып алу

сату

сатып алу

сату

сатып алу

сату

сатып алу

сату

АҚШ доллары

183,68

185,62

184,03

185,71

184,11

185,77

0

0

Евро

250,68

253,65

252,46

255,32

252,74

255,6

1

1

Рубль

5,1

5,46

5,01

5,26

4,97

5,25

-3

-4