Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала әкімі Александр Вербняк мәжіліс өткізді

          2014 жылдың 26 ақпанында Екібастұз қаласы әкімдігінің кіші залында  қала әкімі  Александр Вербняктың  төрағалық етуімен  әкімдік мәжілісі өткізілді.

                   Күн тәртібіне сәйкес 2013 жылғы Екібастұз қаласы бюджетінің орындалуы жөніндегі есепті бекіту туралы және «Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы күрес бағытында қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәселелер талқыланды.

          Күн тәртібінің   сұрақтары бойынша   «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» ММ басшысы Сәбит Мұқанов  пен Екібастұз қаласы Ақкөл ауылдық округінің әкімі Бахтияр Ахтаев сөз сөйледі.  

           Әкімдік мәжілісінің барлық мәселелері қаралып, әр сұрағына қаулы қабылданды.