Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 77-ө өкімі

Ұлы Отан соғысы кезеңінде  еңбек еткен тұлғалардың еңбек өтілін белгілеу үшін арнаулы комиссия құру туралы

 

 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы», «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілеріне Ұлы Отан соғысына қатысушыларды, мүгедектерді және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алушыларды әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесін бекіту туралы» № 161 қаулысына сәйкес, Ұлы Отан соғысы кезеңінде  еңбек еткен тұлғалардың еңбек өтілін белгілеу мақсатында:

1. Ұлы Отан соғысы кезеңінде еңбек еткен тұлғалардың еңбек өтілін белгілеу үшін арнаулы комиссия 1-қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын (бұдан әрі – Комиссия).

2. Комиссия туралы Ереже 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

 

 

Екібастұз қаласының

             әкімі

 

А. Вербняк

 

 

Екібастұз қаласы әкімінің

2013 жылғы «27»желтоқсандағы

 № 77-ө

 өкіміне 1-қосымша

 

Ұлы Отан соғысы кезеңінде  еңбек еткен тұлғалардың еңбек өтілін белгілеу үшін арнаулы комиссия

ҚҰРАМЫ

Айгуль Камзиевна Марданова

- Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, Комиссия төрағасы;

Татьяна Алексеевна Тарасова

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, Комиссия төрағасының орынбасары;

Татьяна Владимирович Дорбазанова

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс жасау секторының бас маманы, Комиссия хатшысы.

Комиссия мүшесі:

Куаныш Сагадатович Адиев

- «Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы;

Гульфия Мухамедкасимовна Хамидулина

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің халықпен жұмыс жасау секторының меңгерушісі;

Динара Ермековна Курумбаева

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс жасау секторының меңгерушісі;

Анатолий Антонович Медведев

- қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы  ( келісім бойынша);

Арман Абельмежитович Жусупаев

- Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты (келісім бойынша);

Светлана Иосифовна Качура

- «Өмір» шығармашылық оңалту орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);

Кельден Кенжебаевич Ахметов

- «Павлодар облысы Екібастұз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесінің запастағы офицерлермен жұмыс жасау және кадр бөлімінің бастығы (келісім бойынша).

 

 

 

Екібастұз қаласы әкімінің

2013 жылғы «27» желтоқсандағы № 77-ө өкіміне 2 - қосымша

 

 

Ұлы Отан соғысы кезеңінде  еңбек еткен тұлғалардың еңбек өтілін белгілеу үшін арнаулы комиссия туралы ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Ұлы Отан соғысы кезеңінде  еңбек еткен тұлғалардың еңбек өтілін белгілеу үшін комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Ұлы Отан соғысы кезеңінде  еңбек еткен тұлғалардың еңбек өтілін белгілеу бойынша шешім шығаруға уәкілетті жергілікті атқарушы органдардың жанында құрылатын алқалы орган болып табылады.

2. Өз қызметінде «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңдарын, «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 161 қаулысын басшылыққа алады.

3. Комиссия дауыс беруге құқығы бар адамдардың тақ санынан және Комиссия хатшысынан қалыптастырылады.

4. Комиссия құрамына жергілікті өкілді органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, Ардагерлер кеңестерінің, қоғамдық бірлестіктердің, уәкілетті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар уәкілетті органдарының, халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін орталық атқарушы органнның аумақтық бөлімшелерінің, әскери басқарманың жергілікті органдарының өкілдерінен тұрады.

5. Комиссияны Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары басқарады.

 

2. Комиссияның міндеттері

 

6. Комиссияның негізгі міндеті Ұлы Отан соғысы кезеңінде  еңбек еткен тұлғалардың еңбек өтілін белгілеу туралы заңды шешім қабылдау болып табылады.

7. Комиссияның қызметі:

1) 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғандағы еңбек стажын растау үшін ұсынылған құжаттардың мазмұны мен тиісінше ресімделуін құқықтық бағалауды;

2) куәгерлердің айғақтамалары бойынша жұмыс стажын белгілеуді (куәгерлерге сұрақтар қоюды);

3) өтініш берушінің жұмыс стажын белгілеу үшін қажетті құжаттарды сұратуды;

4) 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алған кезеңдегі жұмыс стажын белгілеу (немесе белгілеуден бас тарту) туралы шешімдер шығаруды;

5) жұмыс стажын белгілеу туралы құжаттарды қараудың барысы туралы өтініш берушілерге жазбаша хабарлау болып табылады.

 

 

3. Комиссия қызметін ұйымдастыру

 

8. Комиссия Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы Екібастұз бөлімшесінен істердің түсу шамасы бойынша, қарастыру мерзімдеріне сәйкес отырысты өткізеді.

9. Комиссияның шешіміне комиссия мүшелері қол қояды. Дауыс беруге құқығы бар комиссия мүшелері комиссия шешімінде көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрмыстығына жауап береді. Шешім әрбір арыз беруші бойынша жеке қабылданады.

10. Комиссия хатшысымен комиссия отырысының хаттамасы жүргізіледі (бұдан әрі – хаттама). Комиссияның барлық мүшелері хаттамаға қол қояды.

Дауыс беруге құқығы бар комиссия мүшелері хаттамада көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрмыстығына жауап береді.

11. Комиссия хатшысының дауыс беру құқығы жоқ.

12. Дауыс беруге құқығы бар комиссия мүшелері өздерінің ерекше пікірлерін жазбаша түрде мазмұндап, оны хаттамаға қоса бере алады, ол туралы кейін белгі қойылады.

13. Комиссия шешімдері көпшілік дауыс беру жолымен қабылданады.

14. Комиссия отырысына дауыс беруге құқығы бар барлық комиссия мүшелерінің кемінде жартысынан көбі қатысқан болса, ол заңды болып саналады.

 

4. Комиссия қызметін тоқтату

 

15. Комиссия жергілікті атқарушы орган жойылған кезде өз қызметін тоқтатады.