Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімінің 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 76-ө өкімі

Екібастұз қаласы әкімдігінің құрамына

өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан   Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33, 37 - баптарына сәйкес және кадрлық өзгерістерге байланысты:

1. Екібастұз қаласы әкімінің 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 68-ө өкімімен бекітілген Екібастұз қаласы әкімдігінің құрамына келесі өзгерістер енгізілсін:

Екібастұз қаласы әкімдігінің құрамына Екібастұз қаласы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы  Мырзажан Акрамұлы Үсенов әкімдік мүшесі болып енгізілсін.  

2. Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы М.Д.Адасбаеваға Екібастұз қаласы әкімдігінің құрамындағы осы өзгерістерді Екібастұз қалалық мәслихатының сессиясында қарауға және бекітуге енгізсін.        

 

Екібастұз қаласының 

  әкімі                                                                                             А. Вербняк