Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімінің 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 69-ө өкімі

1997 жылы туған азаматтарды 2014 жылдың қаңтар-наурызында

«Павлодар облысы Екібастұз қаласының қорғаныс істер

жөніндегі Біріктірілген бөлімі» Республикалық  мемлекеттік

мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу туралы

ӨКІМ

 

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі            басқару туралы» Заңының 33 - бабы 1 - тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 16 - бабына сәйкес:

         1. «Павлодар облысы Екібастұз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Қорғаныс істер жөніндегі біріктірілген  бөлім) (келісім бойынша) 2014 жылдың қаңтар-наурызында 1997 жылы туған азаматтардың, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген ересек жастағы азаматтардың тіркелуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.

         2. «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) азаматтардың шақыру учаскесіне тіркелуі кезінде:

         1) азаматтарды медициналық куәландыруды қамтамасыз ету;

          2) дәрі-дәрмекпен, медициналық және шаруашылық жабдықтарымен қамтамасыз ету ұсынылсын.

          3. «Екібастұз қаласының ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша):

1)  қылмыстық жауапкершілікке тартылған, тергеуде жүрген, сотталған, ішкі істер органдарында есепте тұрған 1997 жылы туған азаматтардың тізімдерін  Қорғаныс істер жөніндегі біріктірілген  бөлімге табыстасын;

2)  комиссиядан өтуге себепсіз келмей жүрген, 1997 жылы туған азаматтарды, оларды тіркеу комиссиясына Қорғаныс істер жөніндегі біріктірілген  бөлімнің жеке іздестіру қағазы бойынша міндетті түрде жеткізе отырып, іздестіру бойынша шұғыл шаралар қолдану ұсынылсын.

          4. Екібастұз қаласы ауылдық округтерінің, кенттері мен ауылдарының әкімдері 1997 жылы туған азаматтардың кестеге сәйкес тіркеу жөніндегі комиссияға 100 % келуін, шақыру учаскесіне жеткізілуін және тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.

          5. «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі    тіркеу өткізуге байланысты шығындарды қаржыландыруды осы бағдарлама бойынша қала бюджетін қаржыландырудың 2014 жылға бекітілген жоспарына сәйкес қалалық бюджет есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

          6. Барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен мекемелердің басшылары, ауылдық округтердің, кенттер мен ауылдардың әкімдері осы өкімнің орындалу барысы туралы ай сайын 10 қарай ақпарат беріп отырсын.

          7. Осы өкімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А.К. Мардановаға және Қорғаныс істер жөніндегі біріктірілген бөлімнің бастығы К.С. Кусаиновқа (келісім бойынша) жүктелсін.

 

 

Екібастұз қаласының

             әкімі                                                                                А. Вербняк

 

 

КЕЛІСІЛДІ:

Павлодар  облысы

денсаулық сақтау

басқармасының  басшысы

2013 жылғы «___»________                                                Н. Касимов                  

 

 

КЕЛІСІЛДІ:

Екібастұз қаласы ішкі

істер басқармасының бастығы                                           

2013 жылғы «___»________                                                          Д. Сиразидимов

 

 

КЕЛІСІЛДІ:

Екібастұз қаласы

қорғаныс істері жөніндегі

біріктірілген бөлімінің бастығы                                                  

2013 жылғы «___» _________                                            К. Кусаинов