Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 67-ө өкіміне

Әлеуметтік  әріптестік пен әлеуметтік-еңбек  қатынастарын

реттеу жөніндегі қалалық комиссияның құрамын бекіту туралы

        

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 265-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33, 37-баптарына сәйкес,  қызметкерлер мен жұмыс берушілердің лайықты еңбек пен әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты сақтау ісінде өзара сындарлы іс-әрекет ету мақсатында:

1. Әлеуметтік  әріптестік пен әлеуметтік-еңбек  қатынастарын  реттеу жөніндегі қалалық үшжақты  комиссия 1-қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.

2. Комиссия туралы Ереже 2- қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А.К.Мардановаға.

 

Екібастұз қаласының

әкімі

 

А. Вербняк

 

 

Келісілді:

көмір өнеркәсібі қызметкерлері кәсіподағы  қалалық  аймақтық  кеңесінің  төрағасы

 ________________   Н.Попов

 

2013 жылғы «____» ____________

 

 

                                 

 

Келісілді:

Екібастұз  қаласы өнеркәсіптер  және  кәсіпкерлердің ассоциациясының президенті 

________________   Н.Арсютин

 

2013 жылғы «____» ____________

 

 

 

Екібастұз қаласы әкімінің

2013 жылғы «29» қарашадағы № 67-ө өкіміне 1-қосымша

 

 

әлеуметтік  әріптестік пен әлеуметтік-еңбек  қатынастарын

реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның

ҚҰРАМЫ

 

 

Айгуль Қамзиновна Марданова

- Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, Комиссия төрағасы;

 

Николай Иванович

Попов

 

- көмір өнеркәсібінің кәсіподақ қызметкерлерінің    қалалық  аймақтық  алқасының   төрағасы, Комиссияның қосымша төрағасы

 

Николай Геннадьевич Арсютин

 

- Екібастұз  қаласының кәсіпкерлік  және  өнеркәсіпші  Ассоциациясының президенті; 

Светлана Васильевна Ткачёва

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Комиссия хатшысы;

 

Комиссия мүшесі:

 

Татьяна Алексеевна Тарасова

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы;

 

Канат Бийсембаевич Капуов

 

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы;

 

Кайрош Капсаматович Ахметов

- Екібастұз өңірі бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясының мемлекеттік инспекторы (келісім бойынша);

 

Равиль Джаннятханович Рафиков

 

- «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» ЖШС жалпы мәселелері жөніндегі директоры (келісім бойынша);

 

Еркен Жунусович Рахмангулов

 

- «Богатырь Көмір» ЖШС персонал және әлеуметтік саясат жөніндегі директоры (келісім бойынша);

Татьяна Львовна

Снегирева

 

- «Екібастұз МАЭС-2 Станциясы» АҚ адам ресурстарын басқару басқармасының бастығы (келісім бойынша);

 

Татьяна Степановна Столяренко

- «Екібастұз политехникалық колледжінің» кәсіподақ комитетінің төрағасы (келісім бойынша);

 

Алексей Николаевич

Макушин

- «Богатырь Көмір» ЖШС алғашқы кәсіподақ ұйымы төрағасының міндетін атқарушы (келісім бойынша);

 

Рауза Иреновна

Акылбаева

 

- Екібастұз қаласы денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподақ комитетінің төрағасы (келісім бойынша);

 

 

 

Екібастұз қаласы әкімінің

2013 жылғы «29»қарашадағы № 67-ө өкіміне 2-қосымша

  

Әлеуметтік  әріптестік пен әлеуметтік-еңбек  қатынастарын

реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссия туралы

ЕРЕЖЕ

 

І. Жалпы ережелер

 

Әлеуметтік  әріптестік пен әлеуметтік-еңбек  қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссияның қызметі (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің негізінде жергілікті атқарушы органдары, Екібастұз қаласының кәсіпкерлік  және  өнеркәсіпші  Ассоциациясы өкілдерінің отырысы түрінде жүргізіледі.

1. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, әкімдіктің және қала әкімінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссия қаламыздың жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің, жұмыс берушілерінің және қызметкерлерінің тең санынан, сондай-ақ өз өкілдерін беретін аумақтық органдардан тұрады.

3. Комиссия өз қызметін Тараптардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылатын бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүргізеді. Комиссия отырысы тоқсанына кем дегенде бір рет өткізіледі.

4. Комиссия отырысы хаттамалармен ресімделіп, Комиссия төрағасы, қосымша төрағасы мен хатшысы қол қояды.

5. Комиссияның дербес құрамы әрбір әлеуметтік әріптесімен жеке қалыптасады, оның мүшелерінің саны әрбір Жақтардан 4 адамнан аспауы тиіс.

Комиссияның жұмыс органы Тараптардың келісімі бойынша «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады, ол өз құрамынан хатшыны бөліп шығарады.

6. Комиссия хатшысы:

1) Комиссия отырысына материалдардың дайындалуын, хаттамалардың жүргізілуін, шешім жобаларының дайындалуын қамтамасыз етеді;

2) Комиссияның жұмысына қатысу үшін оның мүшелерін, Комиссия мүшелері болып табылмайтын билік өкілдерін, сондай-ақ басқа ұйымдардың мамандарын, өкілдерін шақырады;

3) атқарушы органдармен, шаруашылық субъектілермен, кәсіподақ органдарымен, әлеуметтік әріптестік жөніндегі облыстық комиссиямен Комиссияның байланысын ұйымдастырып, әлеуметтік және еңбек саясатының негізгі бағыттары бойынша Тараптардың көзқарасын келіседі.

 

ІІ. Комиссияның құқықтары

 

7. Комиссия:

1) келісім жобасын әзірлеу, көрсетілген келісімді іске асыру, комиссия шешімдерін орындау кезінде атқарушы органдардың, жұмыс берушілер мен қызметкерлер бірлестіктерінің мүдделерін келісуге;

2) әлеуметтік әріптестік жөніндегі салалық, облыстық комиссиялармен өзара іс-әрекетті жүзеге асыруға, ұжымдық келіссөздердің және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін қалалық келісім жобаларын дайындау барысында әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуге, көрсетілген келісімдерді іске асыруға;

3) атқарушы органдардан, кәсіподақтардан және жұмыс берушілерден әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттейтін, жасалатын және жасалған келісімдер туралы ақпарат сұратуға;

4) өз шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;

5) белгіленген тәртіпте атқарушы органдардан қалалық келісімнің жобасын дайындауға қажетті өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпаратты алуға, көрсетілген келісімді орындауды ұйымдастыруға;

6) атқарушы органдар, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің бірлестіктері комиссия белгіленген мерзімде қарауға және орындауға міндетті бірлескен келісімдер мен шешімдер қабылдауға;

7) атқарушы органдармен, қалалық кәсіподақ бірлестіктерімен, қалалық жұмыс берушілер бірлестіктерімен осы органдармен және бірлестіктермен өткізілетін әлеуметтік және еңбек қатынастары реттеумен байланысты мәселелер қарастырылатын отырыстарға келісім бойынша қатысуға құқылы.

 

ІІІ. Комиссия отырысын дайындау

 

8. Комиссия отырысы тәртібінің жобасы бұрын қабылданған шешіммен Комиссияның жұмыс жоспары негізінде қалыптастырылады.

9. Комиссия отырысының қарауына бекітілген Жоспарға сәйкес, сондай-ақ Тараптардың бірінің ұсынысы бойынша мәселелер енгізіледі.

10. Комиссия отырысының ұсынылған тәртібі мәселесі жөнінде ұсынылады:

11. Комиссия отырысына дейін хатшы оның мүшелерін отырысты өткізу күні, уақыты мен орны туралы ақпараттандырады және олардың атына қажетті материалдарды жібереді (күн тәртібі бойынша).

Кезектен тыс Комиссия отырысы өткізілген жағдайда материалдар тікелей отырыстың алдында беріледі.

12. Комиссия отырысына Комиссия құрамына кірмейтін атқарушы органдардың, салалық кәсіподақ бірлестіктерінің өкілдері, өзге органдардың мамандары, өкілдері шақырыла алады.

13. Комиссия отырысы алдында хатшы отырысқа қатысушылардың тіркелуін өткізеді.

14. Комиссия отырысы кезек тәртібінде Тараптармен ұсынылатын бөлмелерде өткізіледі.

 

ІV. Отырысты өткізу тәртібі

 

15. Тараптардың әрқайсысынан Комиссия мүшелерінің жартысынан көбі болған кезде отырыс заңды деп саналады.

16. Отырысты Комиссия төрағасы, ал ол болмаған жағдайда – қосымша төрағалардың бірі жүргізеді. Қосымша төрағалары Тараптар өкілдерінің басшылары болып табылады. Олар болмаған жағдайда отырыс басқа мерзімге ауыстырылады.

17. Комиссия төрағасы:

1) Комиссияның бекітуіне отырыстың тәртібі мен оның жұмысының регламенті бойынша ұсыныс енгізеді;

2) Осы Ережеге сәйкес отырыстың жүргізілуін қамтамасыз етеді;

3) ұсыныстар түсу тәртібінде баяндау үшін сөз береді, ал қажет болған жағдайда осындай өзгерістердің себептерін хабарлай отырып баяндаудың кезегін өзгертуі мүмкін;

4) Осы Ережеге сәйкес Комиссия шешімін қабылдау бойынша дауыс беруді ұйымдастырып, дауыс беру нәтижесін хабарлайды;

5) Комиссия шешімін орындауға бақылауды ұйымдастырады;

18. Баяндамалар, хабарламалар, ақпараттар, сөз сөйлеу үшін ұсынылатын регламент отырыста белгіленеді.

19. Комиссия мүшесі:

1) отырыстарда қарастыру үшін ұсыныстар енгізуге құқылы;

20. Комиссия мүшесі:

1) Комиссия отырысының жұмысына қатысуға;

2) Комиссия шешімін іске асыруға жәрдемдесуге;

3) Комиссия қызметі мен Келісімнің орындалу барысы туралы оларға ұсынылатын Тарапты уақтылы ақпараттандыруға міндетті.

21. Комиссия мүшелері оның мүддесін қорғауға уәкілеттенген Тараптың алдында дербес жауапты болады.

 

V. Шешімдерді қабылдау және оның орындалуын бақылау тәртібі

 

22. Комиссия келісу арқылы өз шешімдерін қабылдайды.

23. Қарастырылатын мәселелер жөніндегі шешімдердің жобалары Комиссия мүшелеріне жазбаша түрде ұсынылады.

24. Комиссиямен шешімнің жобасы қабылданғаннан кейін жобаға түзетулер түсу тәртібінде дауыс берулер талқыланады және негізгі қойылады. Түбегейлі мінездегі түзетулер жазбаша түрде енгізіледі.

25. Комиссия қажет болған жағдайда түзетулер мен толықтыруларды ескере отырып шешімді дайындау үшін Тараптар өкілдерінің арасынан редакциялық топтарды құрады.

26. Келісім барысында, егер тараптар келісімге келе алмаса, келіспеушіліктерді жою жөніндегі және келіссөздерді қайта жалғастыру мерзімдері туралы тараптардың түпкілікті тұжырымдалған ұсыныстары енгізілетін хаттама жасалады.

27. Шешімнің орындалуын бақылау Комиссия хатшысына жүктеледі. Шешімнің орындалуына жауаптылар Комиссиямен белгіленген мерзімде Комиссияның жұмыс органына шешімнің орындалуы туралы жазбаша ақпарат жібереді, ол кезекті отырыста Комиссяны осы ақпараттың мазмұны туралы ақпараттандырады.

28. Комиссия отырысының хаттамасына комиссия отырысының төрағасы қол қояды. Хаттамалық тапсырмалар хатшымен жауапты тұлғаларға орындау үшін жіберіледі.