Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



2014 жылдың 26 ақпанындағы жағдай бойынша баға мониторингі туралы

А.ж. 25 ақпанында «ыстық желі»телефондарына «Достық» дүкенінде картопқа, «Шахтер», «Сыйлық» дүкендерінде сүт өнімдеріне, «Бәйтерек» дүкенінде қант пен күрішке бағаның өскені жөнінде 9 қоңырау шалу келіп түсті.

«Достық» дүкенінде картопқа, «Шахтер», «Сыйлық» дүкендерінде сүт өнімдеріне бағаның өсуі туралы ақпарат расталмады. «Бәйтерек» дүкенінің басшысымен қант, күрішке 10%-ға дейін сауда үстемесін төмендету жөнінде түсіндірме жұмысы жүргізілді. Осы өнімдерді жоғарылатылған  бағамен, яғни қанттың килограмын 160 теңгеден, күріштің килограмын 160 теңгеден (ақпарат жүк құжатымен расталады) сатып алғандықтан өсірген, қанттың бағасы 190 теңгеден 170 теңгеге, күріш бағасы 190 теңгеден 170 теңгеге түсірілді.

Бүгінгі күні «Нұранбекова» ЖК, «Кәкімжанова» ЖК көтерме бағамен жеткізушілер олармен тауар өнімдері жеткізілетін дүкендер жайлы ақпарат ұсынып отырады. Жұмыс тобы осы аталған дүкендер бойынша 10 %-дан асатын сауда үстемесін анықтау мақсатында баға мониторингін жүргізеді. Мониторингке қарағанда «Торговая лавка», «Колос» дүкендерінде қантқа 16% көлеміндегі сауда үстемесі анықталды. Жеке кәсіпкерлермен сауда үстемесінің деңгейін 10%-ға кеміту және қант бағасын 180 теңгеден 165 теңгеге арзандату бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 24 ақпанында әлеуметтік маңызды тамақ өнімдеріне бағаны тұрақтандыру мақсатында Өңірлік тұрақтандыру қорынан «Солтанғожина» ЖК («НҰР» әлеуметтік сауда павильоны) 2,5 тонна мөлшерінде картоп, 2,5 тонна мөлшерінде  сәбіз, 1,3 тонна орамжапырақ, 800 килограмм қызылша сатып алу іске асты. Ағымдағы жылдың 25 ақпанында «Жақыпбеков» ЖК («Екібастұз қаласы әкімдігінің Муниципалдық базары» ЖШС) 2,0 тонна мөлшерінде картоп, 1,0 тонна сәбіз сатып алды. Осы өнімдердің килограмы 50 теңгеден сатылуда.  

Жанар-жағар май материалдарының бағасы тұрақты болып қалады. Қаланың дәріханаларындағы дәрі-дәрмектерге бағаның өсуі байқалмайды.

2014 жылғы 26 ақпандағы жағдай бойынша Екібастұз қаласы деңгейінде валюта

 айырбасының орташа алынған бағамы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Валюта бағамдары

12.02.2014 ж. бағам

 

26.02.2014 ж. бағам          

2014ж.

12 ақпанынан 26-ндағы қарқыннан ауытқушылық %  

 

сатып алу

сату

сатып алу

сату

сатып алу

сату

сатып алу

сату

АҚШ доллары

183,68

185,62

184,21

185,99

184,03

185,71

0

0

Евро

250,68

253,65

252,56

255,45

252,46

255,32

1

1

Рубль

5,1

5,46

5

5,28

5,01

5,26

-2

-4