Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 66-ө өкімі

Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнайы комиссия құру туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 33, 37-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Арнайы комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы» 2013 жылғы 22 шілдедегі  № 325-ө-м бұйрығына сәйкес және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен сәйкестікке келтіру мақсатында:

         1. Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнайы комиссия 1-қосымшаға сәйкес құрылсын (бұдан әрі – Комиссия).

         2. Арнайы Комиссия туралы ереже 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 

 

         

         Екібастұз қаласының

                      әкімі                                                                       А. Вербняк

 

 

 

 

Келісілді:

«Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы

____________________ Н. Касимов

 

2013 жылғы «_____» _____________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Келісілді:

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Павлодар облысы ішкі істер департаментінің Екібастұз қаласы ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы

____________________ Д. Сиразидимов

 

2013 жылғы «_____» _____________

 

 

 

 

 

 

 

Келісілді:

«Қайырымдылық» қоғамдық қорының

директоры

____________________ А. Бауэр

 

2013 жылғы «_____» _____________

 

 

 

 

 

 

Екібастұз қаласы әкімінің

2013 жылғы «29»  қарашадағы № 66-ө

өкіміне 1 қосымшасы

 

 

Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнайы комиссия құрамы

 

 

Айгуль Камзиновна Марданова

 

-Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;

Татьяна Алексеевна

Тарасова

 

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, комиссия төрағасының орынбасары;

 

Светлана Ивановна

Лысенко

 

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің азаматтардың жекеленген санаттарымен жұмыс жасау секторының бас маманы, комиссия хатшысы;

                                           

Комиссия мүшелері:

Алия Кокишевна

Базарбаева

 

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары;

 

Маржангуль Джамбуловна Каирбаева

 

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы;

Гульжан Кажтаевна Таттыбекова

 

- шаруашылық жүргізу құқығындағы «Екібастұз қаласының № 2 емханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны балалар консультациясының меңгерушісі (келісім бойынша);

 

Сабит Абулкаирович Кожелдаков

 

- Екібастұз қаласының ішкі істер басқармасы әкімшілік полиция бөлімі учаскелік полиция инспекторлары бөлімінің бастығы, полиция майоры (келісім бойынша);

 

Аркадий Мартынович

Бауэр

 

- «Қайырымдылық» қоғамдық қорының директоры

(келісім бойынша).

 

 

 

Екібастұз қаласы әкімінің

2013 жылғы «29» қарашадағы № 66-ө

өкімімен бекітілді

 

2-қосымша

 

Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнайы комиссия туралы ереже

 

1.     Жалпы ережелер

1. Осы Арнайы комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы  № 504 қаулысымен бекітілген  мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетудің үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар), Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Арнайы комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы» 2013 жылғы 22 шілдедегі № 325-ө-м бұйрығына сәйкес әзірленді және өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнайы комиссия мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды.

2. Осы ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

уәкілетті орган – «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

арнайы комиссия – (бұдан әрі – Комиссия) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасылардың) өтінішін қарау бойынша Екібастұз қаласы әкімінің өкімімен құрылатын комиссия.

3. Комиссия Екібастұз қаласының аумағында тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссиялар өз жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және әділдік қағидаттарымен ұйымдастырады.

4. Комиссиялар өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

5. Комиссиялар қызметін бақылауды Екібастұз қаласы әкімінің әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша жетекшілік ететін орынбасары жүзеге асырады.

 

2. Комиссиялардың міндеттері мен функциялары

 

6. Комиссияның негізгі міндеті Үлгілік қағидалардың 9-тармағы негізінде Екібастұз қаласының мәслихаты бекітетін азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесіне сәйкес азаматтардың әлеуметтік көмекке мұқтаждығын және өмірлік қиын жағдайлар туындаған кезде берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін айқындау болып табылады.

7. Комиссиялардың негізгі функциясы әрбір жекелеген жағдайда мөлшерін көрсете отырып әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы (бұдан әрі қорытынды) не себебін көрсете отырып, әлеуметтік көмек көрсетудің қажеттігі жоқ туралы қорытынды шығару болып табылады.

 

 

3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

 

8. Комиссия өз қызметін өтеусіз негізде жүзеге асырады.

9. Комиссияның құрамына жергілікті атқарушы органдардың мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде ұйымдардың және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау уәкілетті органдарының өкілдері, құқық қорғау органдарының, қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлері кіреді.
      Комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссияның жалпы құрамы жеті адамнан кем болмауға тиіс.

10. Екібастұз қаласы әкімінің әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі жетекшілік ететін орынбасары Төраға болып табылады.

Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және Комиссияға осы Ережеде жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

11. Уәкілетті орган – Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

Комиссия хатшысының міндеті уәкілетті органның маманына жүктеледі.

12. Комиссия уәкілетті органнан құжаттардың толық пакетін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және ашық дауыс беру арқылы әлеуметтік көмек көрсетудің қажеттігі туралы шешім шығарады.

13. Комиссияның шешімдері оның құрамы жалпы санының үштен екісі болған кезде заңды болады.

14. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының даусы шешуші болып саналады.

15. Комиссия қабылдаған шешім қорытынды нысанында ресімделеді және осы Ереженің 12-тармағында көрсетілген мерзімде уәкілетті органға беріледі.

Оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшері көрсетіледі.

16. Комиссия әлеуметтік көмек мөлшерін айқындау кезінде Үлгілік қағидаларды басшылыққа алады.

 

Арнайы комиссия туралы
ережеге қосымша

 

Арнайы комиссияның қорытындысы

20___ж.___ ______ №

_______________________________________________________________
                       (тегі, аты, әкесінің аты)

өтінішін және оған қоса берілген құжаттарын қарап, адамға (отбасыға)
өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты төмендегідей себептер бойынша:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
әлеуметтік көмек ұсыну
__________________________________________________________________
                     (қажеттілігі, қажеттілік жоқтығы)

туралы қорытынды шығарады.

Әлеуметтік көмектің мөлшері _______ ________________ теңге.
                                                                      (сомасы жазбаша)

Комиссия төрағасы:__________________________________________
Комиссия мүшелері:__________________________________________
                  ______________________ ___________________
                  ______________________ ___________________
                  ______________________ ___________________
                  ______________________ ___________________
                  ______________________ ___________________
                          (қолдары)                               (Т.А.Ә.)