Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімінің 2013 жылғы 1 қарашадағы № 60-ө ӨКІМІ

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті, балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны, өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың

(отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссия құру туралы

 

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 33, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» № 246, 2005 жылғы 28 маусымдағы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» № 63 Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 29-б бұйрығымен бекітілген, Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ереже негізінде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен сәйкестікке келтіру мақсатында, ӨКІМ қабылдаймын:

         1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті, балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны, өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссия осы өкімнің қосымшасына сәйкес құрылсын (бұдан әрі – Комиссия).

         2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 29-б бұйрығымен бекітілген, Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені басшылыққа алсын.

3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 

 

            Екібастұз қаласының

                          әкімі                                                                   А. Вербняк

 

Келісілді:

«Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы Екібастұз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

____________________ С. Рамазанов

 

2013 жылғы «_____» _____________

 

 

 

 

 

Келісілді:

«Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы

____________________ Н. Касимов

 

2013 жылғы «_____» _____________

 

 

Келісілді:

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Павлодар облысы ішкі істер департаментінің Екібастұз қаласы ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы

____________________ Д. Сиразидимов

 

2013 жылғы «_____» _____________

 

 

 

 

 

Екібастұз қаласы әкімінің

2013 жылғы «1» қарашадағы № 60-ө

өкіміне қосымша

 

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті, балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны, өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың

(отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссия құрамы

 

Алтыншаш Жумашевна Абенова

 

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмек секторы меңгерушісінің міндетін атқарушы, комиссия төрағасы;

Алия Баянбеккызы Жетибаева

 

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтардың жекеленген санаттарымен жұмыс жасау секторының меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары;

Нурсултан Ошакбаевич Кинаятов

 

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмек секторы бас маманының міндетін атқарушы, комиссия хатшысы;

                                       Комиссия мүшелері:

Динара Мухамечановна Баграмова

 

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыспен қамту секторының меңгерушісі;

Зульфия Балтабековна Байманова

 

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмек секторының бас маманы;

Нина Григорьевна Кабрусьева

 

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмек секторының бас маманы;

Магиря Муссовна

Нагаева

 

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмек секторының бас маманы;

Айжан Балтабаевна Мамырханова

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №10 жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесінің профилактикалық жұмыс жөніндегі директорының орынбасары;

Людмила Валентиновна Новикова

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №33 жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесінің профилактикалық жұмыс жөніндегі директорының орынбасары;

Фатима Гадыловна Ахмечанова

 

- «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Павлодар облысы ішкі істер департаментінің Екібастұз қаласы ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің әкімшілік полиция бөлімі профилактикалық  қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының учаскелік инспекторы, полиция капитаны (келісім бойынша);

Эльдар Рзаевич

Абдинов

 

- №5 Студенттік округ бойынша Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты, «Богатырь Көмір» ЖШС асхана меңгерушісі (келісім бойынша);

Сандугаш Асылхановна Абжанова

- «№1 Емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналық мемлекеттік кәсіпорнының профтолог дәрігері (келісім бойынша).