Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 14 ақпандағы № 7-ө өкімі

 Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу мен есепке алу және оларға куәлік беру бойынша арнаулы комиссия құрамына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33, 37-баптарына сәйкес және кадрлық өзгерістердің болуына байланысты:

1. Екібастұз қаласы әкімінің 2013 жылғы 9 тамыздағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу мен есепке алу және оларға куәлік беру бойынша арнаулы комиссия туралы» №19 шешімімен бекітілген, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу мен есепке алу және оларға куәлік беру бойынша арнаулы комиссия құрамына (бұдан әрі – арнаулы комиссия), келесі өзгерістер енгізілсін:

1) арнаулы комиссия құрамына:

«Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамы Екібастұз өңірлік филиалының персоналды басқару Бөлімінің бас маманы Татьяна Михайловна Середа, арнаулы комиссия мүшесі болып;

«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмек секторының бас маманы Нина Григорьевна Кабрусьева, арнаулы комиссия хатшысы болып енгізілсін;

2) арнаулы комиссия құрамынан Б.Х.Фалеев, Г.К.Абдрахманова шығарылсын.

2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 

 

         

         Екібастұз қаласының

                          әкімі                                                                   А. Вербняк