Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



№ 6-ө ӨКІМ

2013 жылғы 4 ақпан

  

«Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына біліктілік талаптарын бекіту туралы

 

         Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарын оңтайландыру бойынша шаралар туралы» № 501 Жарлығына, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы «Әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға арналған Үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы № 02-01-02/5 және 2008 жылғы 4 ақпандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы «Әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға арналған Үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы № 02-01-02/5 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» № 02-01-02/20 бұйрығына және Екібастұз қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі «Екібастұз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 15 ақпандағы «Екібастұз қаласы жергілікті атқарушы органдарының құрылымы мен штаттары туралы» № 90/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 1108/10 қаулысына сәйкес:

  1. «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымына сәйкес «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына біліктілік талаптары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Қала әкімінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы «Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына біліктілік талаптарын бекіту туралы» № 4/1 өкімі жойылсын.

 

 

Екібастұз қаласының

            әкімі                                                                                          А. Вербняк