Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 3-ө өкімі

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік - еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссияның құрамына өзгерістер енгізу туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін - өзі басқару туралы» Заңының 33, 37 – баптарына сәйкес және кадрлық өзгерістерге байланысты:

1. Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің 2013 жылғы 29 қарашадағы «Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік - еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссияның құрамын бекіту туралы» №67-ө өкімімен бекітілген әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік - еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссияның құрамына келесі өзгерістер енгізілсін (бұдан әрі – Комиссия):

1) Комиссия құрамына:

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Мырзажан Акрамович Усенов, Комиссия төрағасы болып;

«Богатырь Көмір» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі алғашқы кәсіподақ ұйымының төрағасы Кайрула Хамитович Туратаев, Комиссия мүшесі болып енгізлсін;

2) Комиссия кұрамынан А.К. Марданова, А.Н. Макушин шығарылсын;

3) өкімнің 1-қосымшасындағы «көмір өнеркәсібі қызметкерлері кәсіподағының қалалық аумақтық кеңесінің төрағасы, Комиссияның қосымша төрағасы» сөздері «Қазақстан Республикасы көмір өнеркәсібі қызметкерлері кәсіподағының Екібастұз аумақтық кеңесінің төрағасы, Комиссияның қосымша төрағасы» сөздерімен ауыстырылсын.

2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

                   

           Екібастұз қаласының

                       әкімі                                   А. Вербняк