kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

14ж.17.02. бастап 14ж.24.02. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары

  1. 08 сағ. 28 мин. сыртқы есігі ысырмаға жабылып қалғандықтан пәтеріне кіре алмай тұрғандығы, пәтерде 2 жасар балалар бар екендігі жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар, оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты.
  2. 19 сағ. 07 мин. құдыққа әйелдің құлап кеткендігі және біздің көмек керек екендігі жөнінде хабарлаған полиция қызметкерінен қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, төменге түсті, алдын ала әйелдің зақымдануын қарап шықты, содан соң жоғарыға шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды.

3. 14 сағ. 39 мин. құлпы желініп қалғандықтан пәтеріне кіре алмай тұрғандығы, пәтерде 2 жасар және 5 жасар балалары бар екендігі жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, кілттің көмегімен сыртқы есікті ашты. Балалар пәтерде болды.

4. 13 сағ. 39 мин. сыртқы есік ішінен ысырмаға жабық тұрғандықтан пәтеріне кіре алмай тұрғандығы, ал іште 2 жасар баласы және есік қағысына, телефон қоңырауларына жауап бермейтін, мас болып ұйықтап жатқан күйеуі бар екендігі  жөнінде хабарлаған  әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты. Бала әкесімен бірге болды.

 

 ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз: 22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД      

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ»

3-құтқару бөлімшесінің басшысы                                        Оспанов М.М.

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза