Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Матеи Хуан: оқушылар жолақысы

Сәлеметсіз бе? Бүгін(20.02.2014) тәңертеңгі 7-30 шамасындағы № 7 автобуспен жұмысқа барар жолда 7- сыныпта оқитын қызымның "мектеп оқушысы " екендігін растайтын анықтамасының қолында болмауына байланысты Z189 RS автобусының кондукторы ( аты жөніұмытпасам Мария Викторовна, фамилиясын айтудан бас тарты) толық жол ақысын төлетті. Мектепке бара жатқан қызымның сумкасы мектепте оқитындығының дәлелі бола алмады. Автобус шоферы да қала әкімінің шешімі солай деп жауап барді. Сонда мектеп анықтамасы баланың оқушы екенін растайтын жалғыз құжат па әлде автобуста жеңлдікті пайдаланудың жеке құқығын беретін заңдық күші бар құжат па? Егер олай болса анықтамасын жоғалтып алған немесе ұмытып кеткен оқушы бар ақшасын бір жолға төлеп қайтарда жаяу қайта ма, әлде ауа райының түрлі жағдайларында ақшасы жетпесе автобустан қуып түсіріле ме? Жоғары сынып оқушыларының анықтамасы болмай қалған кезде күнделігін қарап түсінік танытатын кондукторларды да кездестіреміз, бұл- қарапайым адамгершілік. Сонымен әкімшілік қолында анықтамасы жоқ оқушы ересек адаммен тең. және оны басқаша дәлелдеу мүмкін емес деген шешім шығарған ба әлде бұл аталмыш автобустың кондукторының қосқаны ма? 

Сіздің, қалалық қоғамдық көліктегі мектеп жасындағы балалардың жол жүру мәселесі жөніндегі қала әкімінің сайтына жазған өтінішіңізге, келесіні хабарлаймын.

            Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 20-бабына сәйкес, жолаушының жол жүру құжатының (билет) толық бағасынан елу пайызын төлеу арқылы 7 жастан 15 жастағы балаларға жол жүру құжаттарын (билеттер) сатып алуға құқығы бар.

            «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ мен тасымалдаушылардың арасында келісілген жолаушылардың және жүктің тұрақты автомобильді тасымалдануын ұйымдастыру  келісімшартына сәйкес, мектеп оқушыларынан жол ақысы 1 сыныптан бастап (7 жасқа толған) 11 сыныпқа дейін қоса, олардың жасына байланыссыз 22 теңге мөлшерінде, яғни  билеттің толық бағасынан 50 % мөлшерінде алынады.

            Колледждер және кәсіби мектептердің оқушылары үшін жеңілдіктердің жоқтығын ескере отырып, мектеп оқушыларына  жеңілдік тарифі бойынша жол жүру ақысын  төлеу кезінде кондукторға растайтын құжатты - мектеп анықтамасын көрсету қажет. Жолаушылар және жүкті тұрақты автомобильді тасымалдау Ережелерінің 212 бабына сәйкес, егер жолаушы жеңілдікпен жол жүруді пайдаланса, онда ол оның жеңілдікке құқылығын растайтын құжатын (осы жағдайда анықтаманы) көрсету қажет.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес, Сіздің қабылданған шешімге арыздануға құқығыңыз бар.

 

            «Екібастұз қаласы әкімдігінің

   ТҮКШ, ЖК және АЖБ» ММ

                   басшысы                                                                      Қ. Қасенов