Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



2014 жылғы 24 ақпандағы жағдай бойынша азық – түлік және азық түлік емес нарықтарындағы баға ахуалы туралы

Негізсіз баға көтерген жағдайларда әрекет ету бойынша «ыстық желі» телефондарының жұмысы қамтамасыз етілді және олар жергілікті БАҚ-та жарияланды:

- 8(7187) 344020- тәулік бойы;

- 8(7187) 340628, 340235 сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және сағат 14.30-дан 18.30-ға дейін.

Барлық келіп түскен мәселелер бойынша себептерін анықтап, тиісті шаралар қолдану мақсатында кәсіпкерлік, қаржы, экономика, статистика бөлімдері, «Қазагромаркетинг» АҚ мен  «Нұр-Отан» партиясы  өкілдерінен құралған жұмыс тобымен (8 адам санында) қала базарларындағы, бөлшек сауда желілерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерге күн сайын баға мониторингі жүргізіледі. Жұмыс тобымен жалпы 16 дүкен және 3 базар қамтылған.

А.ж. 21 ақпанында «ыстық желі» телефондарына «Сказка» дүкенінде қантқа, «Шахтер» СО-да көкөніс өнімдеріне, «Сәуле» СКО-да қант пен сүт өнімдеріне, «Венера» дүкенінде шұжық өнімдеріне, сондай-ақ «Монша», «Баня №2», «С легким паром» монша кешендерінің қызмет көрсетулеріне бағаның өсуі жөнінде 18 қоңырау шалу келіп түсті. Монша қызмет көрсетулері 1000 теңгеден 1500 теңгеге дейін немесе 50%-ға өсті.

Тамақ өнімдеріне бағаның өсуі бойынша келіп түсіп жатқан қоңырауларға байланысты, Павлодар облысы бойынша Монополияға қарсы  инспекциясымен «Сказка», «Венера», «Сластена», «Колос» дүкендерінің, «Шахтер» СО, «Сәуле» СКО-ның басшыларына ағымдағы жылдың басынан бастап бөлшек сауда бағасының өзгеру қарқыны, тауар қалдықтары, жүргізілген сатып алулар жөнінде ақпарат ұсыну туралы сұрау салу жолданды.

Сондай-ақ, «Монша», «Баня №2», «С легким паром» монша кешендері басшыларының атына Павлодар облысы бойынша Монополияға қарсы  инспекциясымен монша қызметі үшін бағаның қымбаттауына ықпал еткен себепті анықтау мақсатында сұрау салу жіберілді.

Ағымдағы жылдың 22 ақпанында «Әлем-Нарық» базарының кәсіпкерлерімен жұмыс тобының жүргізіп жатқан жұмыстарын түсіндіру мақсатымен кездесу өткізілді. Бүгінгі күні осы базардың кәсіпкерлерімен «Үміт» агроазық-түлік компаниясынан бөлшек сауда жүйесінде килограмы 60 теңгеден сатылатын 2,0 тонна мөлшерінде картоп жеткізу қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, осы өнім Муниципалдық базардың кәсіпкерлерімен 1 тонна, «Сенім» СҮ 200 килограмм шығарылды. 

2014 жылдың 11 ақпанына дейін орын алған орташа бағалармен салыстырғанда  бағалардың келесідей өнімге өсуі байқалады:

пияз 25%-ға (60 теңгеден 75 теңгеге дейін), өйткені осы өнім килограмы 80 теңгеден Қарағанды қаласынан алынған.

Пиязға бағаны тұрақтандыру мақсатында 2014 жылдың 17 ақпанында «Сұлтанғожина» ЖК («Нұр» әлеуметтік сауда павильоны), «Жақыпбеков» ЖК («Екібастұз қаласы әкімдігінің Муниципалдық базары» ЖШС)  Өңірлік тұрақтандыру қорынан 2,0 тонна мөлшерінде пияз сатып алды, оның бағасын кг. 50 теңгеден сатуда.

Жанар-жағар май материалдарының бағасы тұрақты болып қалады. Қаланың дәріханаларындағы дәрі-дәрмектерге бағаның өсуі байқалмайды.

 

2014 жылғы 24 ақпандағы жағдай бойынша Екібастұз қаласы деңгейінде  валюта айырбасының орташа алынған бағамы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Валюта бағамдары

12.02.2014 ж. бағам 

 

24.02.2014 ж. бағам             

2014 ж.                    12 ақпаннан            21-ндағы қарқыннан ауытқушылық % 

 

 

сатып алу

сату

сатып алу

сату

сатып алу

сату

сатып алу

сату

Доллар США

183,68

185,62

185,04

186,76

184,59

186,53

0

0

Евро

250,68

253,65

253,92

256,75

252,71

255,69

1

1

Рубль

5,1

5,46

4,97

5,27

4,96

5,28

-3

-3