Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Әлеуметтік маңызы бар тауарларға жүргізілген баға мониторингісінің қорытындысы туралы

Монополияға қарсы реттеу саласындағы қолданыстағы заңнаманың нормалары мен ережелерін түсіндіру мақсатында 2014 жылғы 21 ақпанда Екібастұз қаласы әкімінің аппаратында Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау агенттігі «Павлодар облысы бойынша монополияға қарсы инспекция» ММ  бастығының, Екібастұз қаласы бойынша салық басқармасы, статистика, «Қазагромаркетинг» АҚ өкілдерінің, қаланың көтерме және бөлшек сауда желісіндегі 50-ден аса кәсіпкердің қатысуымен жиналыс өткізілді. 

А.ж. 20 ақпанында «ыстық желі» телефондарына шұжық өнімдеріне, консервіленген өнімдерге (жасыл бұршақ), тұрмыстық техникалар мен сабын – жуғыш заттарға бағаның өскендігі мәселесімен 20 телефон қоңырауы түсті.

Барлық келіп түскен мәселелер бойынша себептерін анықтап, тиісті шаралар қолдану мақсатында кәсіпкерлік, қаржы, экономика, статистика бөлімдері, «Қазагромаркетинг» АҚ мен  «Нұр-Отан» партиясы  өкілдерінен құралған жұмыс тобымен (8 адам санында) қала базарларындағы, бөлшек сауда желілерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерге күн сайын баға мониторингі жүргізіледі. Бүгінгі күні  жұмыс тобымен жалпы 11 дүкен және 3 базар қамтылған.

         Шұжық өнімдеріне бағаның көтерілгендігі туралы қоңыраулардың түсуіне байланысты «Рубиком» ЖШС ресми дилерімен, «СбытСервис» ЖШС Екібастұз филиалымен кездесулер өткізілді. Шұжық өнімдеріне сауда үстемесін 10 % жоғары емес көлемде сақтау жөнінде меморандумға қол қойылды.  

«Рубиком» ЖШС өкілдері Ресей Федерациясынан сатып алынатын орауыш материалдарының қымбаттауына байланысты шұжық өнімдеріне босатылатын баға 5 %-ға көтерілгені, бұл ретте шұжық өнімдерінің ең көп тұтынатын 23 атауына босату бағасы сақталғанын түсіндірді.

Көтерме бағамен жеткізуші «Green Hause Best» ЖШС-де бағаның өсуіне байланысты, келесі азық – түлікке бағаның көтерілгені байқалады (ақпарат жүк құжаттарымен расталады):

консервіленген бұршақ (425 мл.) 227 теңгеден 250 теңгеге дейін  немесе 10 %;

консервіленген бұршақ (212  мл.) 162 теңгеден 178 теңгеге дейін немесе 9,9 %;

консервіленген жүгері (425 мл.)  227 теңгеден 250 теңгеге дейін немесе 10 %;

консервіленген жүгері (212  мл.) 162 теңгеден 178 теңгеге дейін немес 9,9 %.

Жанар – жағар май материалдарының бағасы тұрақты.

Қала дәріханаларында дәрі-дәрмектерге бағаның көтерілуі тіркелмеген.

2014 жылғы 21 ақпандағы жағдай бойынша Екібастұз қаласы бойынша орташа алынған валюта бағамы

 

Валюта бағамдары

12.02.2014 ж. бағам  

 

21.02.2014 ж. бағам          

2014 ж. 12 ақпаннан  21-ндағы қарқыннан ауытқушылық % 

 

сатып алу

сату

сатып алу

сату

сатып алу

сату

сатып алу

сату

АҚШ доллары

183,68

185,62

184,15

185,78

185,04

186,76

1

1

Евро

250,68

253,65

252,6

255,42

253,92

256,75

1

1

Рубль

5,1

5,46

4,96

5,3

4,97

5,27

-3

-3

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтерге бағаларды негізсіз көтеру жағдайында әрекет ету бойынша «ыстық желі» телефондары құрылғандығын еске саламыз.