Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



2014 жылғы 20 ақпандағы жағдай бойынша әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтерге баға туралы

Бүгінгі күні көтерме бағамен жеткізуші «Нұранбекова», «Кәкімжанова» ЖК олардың азық – түліктерді жеткізетін дүкендері туралы ақпарт ұсынуда. 10 % - дан асатын сауда үстемесін анықтау мақсатында жұмыс тобы осы дүкендерде баға мониторингін жүргізуде.

Мониторингке сәйкес «Сары-Арқа» дүкенінде күрішке сауда үстемесінің мөлшері 20 %  екендігі анықталды. Жеке кәсіпкерлермен сауда үстемесінің деңгейін 10-15 % төмендету жөнінде түсіндірмелік әңгімелер жүргізілді және күріштің бағасы 180 теңгеден 165 теңгеге төмендетілді.  

2014 жылғы 11 ақпанға дейін болған орташа бағалармен салыстырғанда бағаның өсуі байқалады:

Қант 16,8 % - ға (137 теңгеден 160 теңгеге дейін).

2014 жылғы 19 ақпанда «Юсупова» ЖК, «Кәкімжанова» ЖК кәсіпкерлері Тұрақтандыру қорынан 4,0 тонна қант сатып алған, Муниципалдық базарда, «Алтын-Дән» дүкенінде қанттың бір килограмы 150 теңгеден сатылуда.

пияз 8,3 % - ға (60 теңгеден 65 теңгеге дейін). Пиязға бағаны тұрақтандыру мақсатында 2014 жылғы 17 ақпанда «Солтанғожина» ЖК, «Жақыпбеков» ЖК Өңірлік тұрақтандыру қорынан саны 2,0 тонна пияз сатып алған, Муниципалдық базарда, «Нұр» әлеуметтік сауда павильонында килограмы 50 теңгеден сатылуда.

  «Рубиком» ЖШС өнімдеріне бағаны тұрақтандыру мақсатында Екібастұз қаласындағы «Рубиком» ЖШС ресми дилерлерімен кездесу өткізіліп, Меморандумға қол қойылды. Осыған сәйкес, көп тұтынылатын 23 атауларға босату бағасы бұрынғы дегейіне келтірілді.

 «МПК Экибастуз» ЖШС щұжық өнімдеріне баға көтерілмеген.

Осыған қоса, Қарағанды қаласының «Шығыс» көтерме сауда базарынан жеткізілетін жеміс пен көкөністерге бағаның өсуі байқалуда, соның ішінде қияр 4,0 % - ға (500 теңгеден 520 теңгеге дейін), қызанақ 4,0 % - ға (500 теңгден 520 теңгеге дейін).

«Евразия Фудс Корпорейшн» АҚ көтерме жеткізушілерде бағаның өсуіне байланысты «Шедевр» күнбағыс майына, «3 желания» майонезіне бағаның өсуі байқалады:

күнбағыс майы 0,7 % -ға (278 теңгеден 280 теңгеге дейін);

майонез  3,4 % -ға (290 теңгеден 300 теңгеге дейін).

Қарағанды қ. «Нәтиже» ЖШС сүт өнімдеріне бағаның өсуіне байқалуда: (ақпарат жүк құжатымен расталады).

айран (1л. майлылығы 2,5 %) 145 теңгеден 150 теңгеге дейін немесе  3,4% өскен.

сүт (1л. майлылығы 2,5 %) 140 теңгеден 145 теңгеге немесе 3,6%.

Жанар – жағар май материалдарының бағасы тұрақты.

 

 

 

2014 жылғы 20 ақпандағы жағдай бойынша Екібастұз қаласы бойынша орташа алынған валюта бағамы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Валюта бағамдары

2014 ж. 12.02. бағалар

 

2014 ж. 20.02. бағалар          

2014 ж.                    12 ақпаннан            20-ндағы қарқыннан ауытқушылық % 

 

сатып алу

сату

сатып алу

сату

сатып алу

сату

сатып алу

сату

АҚШ доллары

183,68

185,62

183,76

185,34

184,15

185,78

0

0

Евро

250,68

253,65

251,59

254,37

252,6

255,42

1

1

Рубль

5,1

5,46

4,95

5,35

4,96

5,3

-3

-3