Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



2014 жылғы 19 ақпандағы жағдай бойынша баға мониторингін жүргізу жөніндегі жұмыс топтарының жұмыс қорытындысы туралы

2014 жылғы ақпанның 12-сінен 18-іне дейінгі аралықта сенім телефондарына 218 телефон қоңырауы түсті.

2014 жылғы 16 ақпанға дейінгі ыстық желі телефондарына түскен

негізгі мәселелер қанттың жоқтығы немесе оған бағаның өсуіне қатысты - 112 қоңырау, тауықтың сан еті, пияз, қияр, қызанақ, «Рубиком» ЖШС шұжық өнімдері, өсімдік майы бағаларының өсуіне қатысты - 67 қоңырау, тұрмыстық техника, сабын-жуғыш өнімдерге бағаның өсуіне қатысты - 39 қоңырау.

2014 жылғы 18 ақпандағы жағдай бойынша «ыстық желінің» барлық телефондарына өңір тұрғындарынан 20 қоңырау түсті, бұл ағымдағы жылғы  12 ақпанмен салыстырғанда әдеуір аз (күніне 86 қоңырау).

Себептерін анықтап, тиісті шаралар қолдану мақсатында барлық келіп түскен мәселелер бойынша жұмыс тобы күн сайын сауда нысандарына барып отырады. Жұмыс тобы жоғарыда аталған кезең ішінде барлығы 80 сауда нысанын аралаған.

Құрамында кәсіпкерлік бөлімінің, статистика бөлімінің, «Казагромаркетинг» АҚ, «Нұр-Отан» партиясының өкілдері бар жұмыс тобы (саны 4 адам) қаланың базарларындағы, көтерме сауда желілеріндегі әлеуметтік маңызы бар  азық – түлік өнімдеріне баға мониторингін күн сайын жүргізеді.

Мониторингке қарағанда бөлшек бағамен жеткізушілердің бағаны көтеруіне байланысты келесідей өнімдерге бағаның өскені байқалады:

қияр 4,0 % - ға (500 теңгеден 520 теңгеге дейін) -  Қарағанды қаласынан жеткізілген, «Шығыс» базарында баға 450 тегеден 550 теңгеге дейін өскен;         қызанақ 4,0 % - ға (500 теңгден 520 теңгеге дейін) – басқа облыстардан (Қарағанды қ.) жеткізіледі, «Шығыс» базарында баға 450 тегеден 550 теңгеге дейін өскен;

қант 16,8 % - ға (137 теңгеден 160 теңгеге дейін). Екібастұз қаласының көтерме бағамен жеткізушісі «У Адама» қантты ЖК Қарағанды қаласының орталық базарынан 1 кг. 143-148 теңгеден сатып алған (қантты осы бағамен сатып алғаны жүк құжатымен расталады).

Қазіргі уақытта осы кәіспкердің екі сауда нүктесінде қанттың 1 кг. 155 теңгеден сатылуда. Қантты «У Адама» ЖК – дан сатып алатын қаланың көтерме желілеріндегі 25 сауда нүктесінде 1 кг. 160-165 теңгеден сатылуда.

2014 жылғы 19 ақпанда «Юсупова» ЖК, «Кәкімжанова» ЖК кәсіпкерлері Тұрақтандыру қорынан 4,0 тонна қант және 2,0 тонна картоп сатып алған, көтерме сауда желілерінде қанттың килограмы 150 теңгеден сатылуда.

Пияздың Тұрақтандыру қорында болмауына және басқа өңірлерден әкелінуіне байланысты бағасы 8,3 % - ға (60 теңгеден 65 теңгеге дейін) өскен. Пиязға бағаны тұрақтандыру мақсатында 2014 жылғы 17 ақпанда «Солтанғожина» ЖК («Нұр» әлеуметтік сауда павильоны), «Жақыпбеков» ЖК («Екібастқз қаласы әкімдігінің муниципалдық базары» ЖШС) Өңірлік тұрақтандыру қорынан саны 2,0 тонна пияз сатып алған, бір килограмы 50 теңгеден сатылуда.

Жанар – жағар май материалдарының бағасы тұрақты.

Қала дәріханаларында дәрі-дәрмектерге бағаның көтерілуі тіркелмеген.

 

2014 жылғы 19 ақпандағы жағдай бойынша Екібастұз қаласы бойынша орташа алынған валюта бағамы

 

 

 

 

Валюта бағамдары

2014 ж. 12.02. бағалар

2014 ж. 18.02. бағалар

2014 ж. 19.02. бағалар

2014 ж.                    12 ақпаннан            19-ндағы қарқыннан ауытқушылық % 

сатып алу

сату

сатып алу

сату

сатып алу

сату

сатып алу

сату

АҚШ доллары

183,68

185,62

183,65

185,4

183,76

185,34

0

0

Евро

250,68

253,65

251,58

254,43

251,59

254,37

0

0

Рубль

5,1

5,46

4,94

5,35

4,95

5,35

-3

-2