Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Алтын: Азық-түлік бағасы

Шағым құрметті әкім мырза! Мен Екібастұз қаласының тұрғынымын. Қазір бала күтуге байланысты демалыста отырмын. 13.02.2014 жылы Әуезов көшесіндегі "Чародейка" дүкеніне кірдім. одан сүт өнімдерін сатып алдым, аңғарғаным- бағалары бұрынғыдай қалыпты. Ал кір жуғыш заттар бөліміне барып резеңке қолғапты 280 теңгеге (бұрын 170 т.), салфетканы 90 теңгеге (бұрын 70 теңге), дымқыл салфетканы 420 теңгеге (330теңге) сатып алдым. памперс сұрап едім, біреуі 75 теңге деген соң, қымбатсынып алмадым. Үйге келе жатып 22-шағын ауданда орналасқан "Сказка плюс" дүкеніне кірсем, бағалар еш қымбаттамаған, мен алған дымқыл салфетка 330теңге, салфетка 70 -75 теңге болды, памперсті 45 теңгеге сатып алдым. Доллардың көтерілгенін пайдаланып, біз сияқты қарапайым халықты алдап баға көтерген осындай кәсіпкерлерге жаза қолдануыңызды сұраймын. Ықыласыңызға рахмет.

Құрметті Алтын!

 

Сіздің, Екібастұз қаласы әкімінің сайтына келіп түскен өтінішіңізге, келесіні хабарлаймын.

Өтініш бойынша 2014 жылғы 21 ақпанда бізбен «Чародейка» дүкеніне мониторинг жүргізілді. Мониторинг барысында резенке қолғаптар сапасы мен тауар өндірушіге байланысты бөлшек саудада 165, 195 және 200 теңгеден болғаны анықталды. Мониторинг кезінде сатылымда 165 және 195 теңге тұратын қолғаптар болған жоқ.

Майлықтарға бағасы көтерілмеген, сонымен қатар «Аура» фирмасының сулы майлықтарының да бағасы өз деңгейінде қалған. Жалпы алғанда аталған тауар өнімі дүкенде 280 теңгеден 425 теңге аралығында болды.

Тауар қабылдау жөніндегі құжатқа сәйкес, ұнтақ сабын, шампунь, жөргектер және тағы басқа тауарлар жеткізетін Павлодар қаласының «Токката», «Капитал», «Көктем» фирмаларының өнімдеріне бағаның өскені байқалады.

         ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы негізінде Сіз қабылданған шешімге шағымдануға құқылысыз. 

«Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі»

ММ басшысы                                                                                 Р. Жүсіпова