Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



2014 жылғы 18 ақпандағы жағдай бойынша баға ахуалы туралы

         Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру мақсатында Екібастұз қаласының әкімдігімен келесідей:

2014 жылдың 12 ақпанында Екібастұз өңірінің сауда желісіндегі қала наубайханаларымен 1-ші сұрыпты (0,600 г) ұннан қалыпқа салынған нанға негізсіз бағаның өсуіне жол бермеу;

2014 жылдың 14 ақпанында «Еркен» Ш/Қ ұн өндіретін кәсіпорны - «Лейла» диірмен кешенімен жоғары сұрыпты ұнға, 1-ші сұрыпты ұнға бағаның өсуіне жол бермеу;

2014 жылдың 17 ақпанында базар басшыларымен және көтерме бағамен жеткізушілермен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына негізсіз бағаның өсуіне жол бермеу бойынша Меморандумдарға қол қойылды.

2014 жылдың 15 ақпанында ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің қатысуымен  ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізілді. 

Кәсіпкерлік бөлімі, статистика бөлімі, «Қазагромаркетинг» АҚ, «Нұр-Отан» партиясы өкілдерінің құрамымен қала базарларындағы, бөлшек сауда желілерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерге күн сайын баға мониторингі жүргізіледі. Барған объектілер саны – 10 дүкен және 3 базар.

Мониторингке қарағанда бөлшек сауда жеткізушілердің бағаны көтеруіне байланысты келесідей өнімдерге бағаның өскені байқалады:

қант 20,4%-ға дейін (137 теңгеден 165 теңгеге дейін) – көтерме жеткізушілердің қантты бермеуіне байланысты, «У Адама» жеке кәсіпкері қантты Қарағанды қаласынан 1 кг. 145 теңгеден сатып алған және бөлшек саудада 155 теңгеден сатады;

тауықтың сан еті 4,8%-ға (400 теңгеден 420 теңгеге дейін) – Павлодар

қаласының көтерме жеткізушілері тауықтың сан етіне бағаны көтерген.

қияр 4,0%-ға (500 теңгеден 520 теңгеге дейін) – Қарағанды қ. әкелінеді, «Шығыс» базарында бағасы 450 теңгеден 550 теңгеге дейін көтерілген;

қызанақ 4,0%-ға (500 теңгеден 520 теңгеге дейін) – басқа облыстардан әкелінеді (Қарағанды), «Шығыс» базарында 450 теңгеден 550 теңгеге дейін көтерілген;

пияз 8,3%-ға (60 теңгеден 65 теңгеге дейін) – аталған өнім Тұрақтандыру қорында болмағандықтан әрі басқа өңірлерден әкелуіне байланысты пияздың бағасы көтерілген.

Пияздың бағасын тұрақтандыру мақсатында 2014 жылдың 17 ақпанында «Солтанғожина» ЖК («Нұр» әлеуметтік сауда павильоны), «Жақыпбеков» ЖК («Екібастұз қаласы әкімдігінің муниципалдық нарығы» ЖШС) Өңірлік тұрақтандыру қорынан 2,0 тонна мөлшерінде пияз сатып алған, оның килограммы 50 теңгеден сатылады;

         «Евразия Фудс Корпорейшн» АҚ көтерме жеткізушілерде бағаның өсуіне байланысты «Шедевр» күнбағыс майына, «3 желания» майонезіне бағаның өсуі байқалады:

күнбағыс майы 0,7%-ға (278 теңгеден 280 теңгеге дейін);

майонез 3,4%-ға (290 теңгеден 300 теңгеге дейін).

Жанар-жағар май материалдарының бағасы тұрақты.

Дәрілік заттарға баға бұрынғы қалыпта қалып отыр, алайда «СТО-ФАРМ» ЖШС жеткізушісінен «Кречетова» ЖК дәріханаларына (М. Әуезов к., 16, 30, Мәшһүр Жүсіп к., 70, Горняков к., 16) жаңа түскен дәрілерге баға 10 % - ға көтерілгендігі анықталды.

Валюта бағамы келесіні құрайды:

Валюта бағамдары

12.02.2014 ж. бағалар

 

  18.02.2014 ж. бағалар          

2014 ж.                    12 ақпаннан            18-ндегі қарқыннан ауытқушылық % 

 

сатып алу

сату

сатып алу

сату

сатып алу

продажа

сатып алу

сату

АҚШ доллары

183,68

185,62

183,57

185,35

183,65

185,4

0

0

Евро

250,68

253,65

251,44

254,29

251,58

254,43

0

0

Рубль

5,1

4,55

4,94

5,38

4,94

5,35

-3

18

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтерге бағаларды негізсіз көтеру жағдайында әрекет ету бойынша «ыстық желі» телефондары құрылғандығын еске саламыз.

8(7187)344020- тәулік бойы;

8(718340628) 340628, 340235 сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және сағат 14.30-дан 18.30-ға дейін.