kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Баға мониторингін жүргізу жөніндегі жұмыс топтарының жұмысы туралы

2014 жылғы 17 ақпанда Екібастұз қаласы әкімдігі мен көтерме–бөлшек суданы жүзеге асыратын «Нұранбекова» ЖК («У Адама» дүкені), «Солтанғожин» ЖК («Нұр» әлеуметтік дүкені), «Кәкімжанова» ЖК («Алтын-Дән» дүкені) кәсіпкерлері және «Әлем-Нарық» ЖШС, «Екібастұз қаласы әкімдігінің муниципалдық нарығы» ЖШС, «Іске сәт» азық–түлік базарларының басшылары арасында әлеуметтік маңызы бар азық–түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру жөнінде келісілген әрекеттер туралы меморандумдар жасалды.

Осы меморандумдар шеңберінде келесідей ұстанымдарға қатысты келісімдерге қол жеткізілді:

әлеуметтік маңызы бар азық – түлік тауарларына сауда үстемесі 10% - дан аспауы тиіс;

бірінші сұрыпты ұннан қалыпты нанға сауда үстемесі 2 теңгеден аспауы тиіс;

«Ертіс - Өркені» ЖШС Өңірлік тұрақтандыру қорынан азық – түлік тауарларын 10% - дық сауда үстемесімен сату жөнінде шаралар қолдану.

Жоғарыда аталған азық–түлік базарларымен әлеуметтік маңызы бар тауарларды сататындарға сауда орындары үшін қолданыстағы жалгерлік ақының деңгейін 20-30 %-ға төмендеуді қамтамасыз ету туралы шарт жасалды.  

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза