Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



2014 жылғы 17 ақпандағы жағдай бойынша дәріханалардағы дәрі – дәрмектерге баға мониторингін жүргізу жөнінде

2014 жылғы 17 ақпанда жұмыс тобы әлеуметтік дәріханалардағы («Ромат» фирмасы (Мәшһүр Жүсіп көшесі, 27, 46), «Доброта», «Үміт» дәріханалары (Мәшһүр Жусіп к., 27, Строительная к., 38), «Керей-фарм» ЖШС дәріханасы (Горняков к., 15), Кречетова ЖК дәріханалары (М.Әуэзов к., 16, 30, Мәшһүр Жусіп к., 70, Горняков к., 16) дәрі – дәрмектерге баға мониторингін жүргізді.

Дәрі – дәрмектерге бағаның өсуі байқалмаған.

Тұрғындардың зейнеткерлер үшін дәрі – дәрмектерге 5 % жеңілдікті жою жөніндегі өтініші бойынша Горняков көшесі, 15 орналасқан «Керей-фарм» ЖШС дәріханасына бару жүргізілді.

Зейнеткерлер үшін 5 % жеңілдікті ағымдағы жылдың 18 ақпанынан бастап қалпына келтіру туралы осы дәріхананың басшылығымен келісім жасалды.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтерге бағаларды негізсіз көтеру жағдайында әрекет ету бойынша «ыстық желі» телефондары құрылғандығын еске саламыз.