Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



14ж.10.02. бастап 14ж.17.02. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары

1.     15 сағ. 35 мин. құлпы желініп қалғандықтан пәтеріне кіре алмай тұрғандығы, пәтерде 1,5 жасар бала бар екендігі жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты.  

2.     19 сағ. 30 мин. құлпы желініп қалғандықтан пәтеріне кіре алмай тұрғандығы, пәтерде 9 жасар және 3 жастағы егіз бала бар екендігі жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, учаскелік инспектордың қатысуында, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты.  Балалар пәтерде болды. Зардап шеккендер жоқ.

3.     19 сағ. 25 мин өзінің қарт шешесіне келгендігі, бірақ ол сыртқы есікті ашпайтындығы жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Есік қағысына және телефон қоңырауларына ешкім жауап бермейді. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты. Өз бетінше түра алмайтын, пәтер иесі жерде жатты, оны туыстарының қамқорлығына қалдырып, жедел жәрдемді шақырды.

4.     14 сағ. 13 мин қант диабетімен ауыратын туысы сыртқы есікті ашпайтындығы, есіктің қағысына және телефон қоңырауларына жауап бермейтіндігі, ал пәтерде онымен бірге 2 жасар бала бар екендігі жөнінде хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орына келіп, терезе арқылы пәтерге кіріп есікті ішінен ашты, ер адам ес-түссіз диванда жатқан. Құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетті. Жедел жәрдемді келгенін тосты, келген соң кетті.

 

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз: 22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

       «ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД

      Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

      4-ші бөлімше басшысы                                                   Каирбаев Ж.К.