kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Екібастұзда Президент Жолдауын талқылау жөнінде жиналыс өтті

Өткен аптада «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының мәжіліс залында  қала әкімі Александр Вербняктың төрағалық етуімен партияның Екібастұз қалалық филиалындағы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы болып өтті.

Жиналысқа облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, Саяси кеңестің мүшелері, әкімдік бөлімдерінің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Отырыстың басты күн тәртібі Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, Бір мүдде, Бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылау болды.

Осы талқылау барысында Александр Вербняк ел дамуының басым бағыттарына тоқталып, бағдарламалық Жолдаудың барлық ережелерін іске асыруда нақты міндеттерді белгілеп берді.   

         Осы орайда, Жолдауда көзделген міндеттерді талқылап, іске асыруға қатысты іс – шаралар жоспарының жобасы жасалды.

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза