kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Екібастұз қаласы бойынша Салық басқармасы хабарлайды Сыбайлас жемқорлық қылмыспен жазаланады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес салық төлеушілердің салықтық мәдениетін арттырып, салықтық қызмет органдары беделінің жоғарылауына нәтижелі ықпал етеді.

Осы проблеманы шешу барысында екі жақтылы қатысу қажет, яғни мемлекет пен азаматтардың қатысу қажеттілігін ескерткенде лауазымы бар адамдарды сатып алу да қылмыспен жазаланады, бұл өте қажет. ҚР Қылмыстық кодексінің 312 – бабына сәйкес мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамға не оған теңестірілген адамға тікелей немесе делдал арқылы пара беру 700-ден 2000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Лауазымды адамға пара беру, сол сияқты көрініс заңсыз іс-әрекет (әрекетсіздік) жасағаны үшін пара беру 1000-нан 3000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не 5жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Жауапты мемлекеттік лауазымын атқаратын адамға пара беру мүлкі тәркіленіп 7 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Осы әрекеттер адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ ірі мөлшерде, әлденеше рет жасаса мүлкі тәркіленіп 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Аса ірі мөлшерде пара беру мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Осы көріністерге нәтижелі қарсы әрекет ету үшін барлық азаматтық қоғам институттарын біріктіру арқылы қол жеткізуге болады. Сонда ғана біз ұлттық идеяны жүзеге асырып, бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына ене аламыз.

 

 Екібастұз қаласы бойынша

    Салық басқармасының

             бас маманы                                                      А. Кулумбенова

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза