kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

14ж.05.02. бастап 14ж.12.02. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары

1. 15 сағ. 35 мин. құлпы желініп қалғандықтан сыртқы есікті аша алмай тұрғандығы, пәтерде 1,5 жастағы баласы бар екендігі жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты.

2. 19 сағ. 30 мин. құлып желініп қалғандықтан сыртқы есікті аша алмай тұрғандығы және пәтерде 9 жасар және 3 жасар егіз бала бары жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты. Балалар пәтерде болды. Зардап шеккендер жоқ.

3. 09 сағ. 57 мин. қарт сырқат анасының халін білуге келгендігі және сыртқы есік ішінен ысырмаға жабық тұрғандықтан өз кілтімен аша алмай тұрғандығы жөнінде хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. Есік қағысына және телефон қоңырауларына ешкім жауап бермейді. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, 4-қабаттың балконынан 3-қабаттың балконына альп.жабдығының көмегімен түсті. Қарт әйелді бөлмелердің бірінде жерде жатқан күйінде тапты. Әйелді кереуетке жатқызып, «жедел жәрдем» қызметкерлерін шақырды.  

4. 19 сағ. 11 мин. үйіне келіп, сыртқы есік ішінен ысырмаға жабық тұрғандықтан өз кілтімен аша алмай тұрғандығы,  пәтерде есік қағысына және телефон қоңырауларына жауап бермейтін күйеуі бар екендігі, оның пәтерінен төменгі қабатқа су ағып жатқандығы жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті.  Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты. Ер адам қатты ұйықтап жатты.

 

 

 ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз: 22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД      

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ»

3-құтқару бөлімшесінің басшысы                                        Оспанов М.М.

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза