Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала әкімі есеп беру науқанын аяқтады

2014 жылғы 3 ақпанда Екібастұзда маңызды саяси науқан – барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беруі аяқталды.

         «Өнер» қалалық мәдениет орталығында Екібастұз қаласының әкімі А.Ф. Вербняктың қорытынды есеп беру кездесуі өтті.

         Қала басшысы өз есебінде өңірдің 2013 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуының толық талдауын және ағымдағы жылға арналған міндеттерді атап өтті.

         Александр Федорович өз баяндамасында ел Президенті қойған міндеттерді шешу үшін Екібастұз қаласында қажетті ресурстар мен әлеует бар екендігін айтып өтті.

         Осылайша, 2013 жылы өндірілген өндірістік өнім көлемі 320 млрд. астам теңгені құрады, бұл 2012 жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішінен 23,9 %-ға жоғары. Өндірістік өнімнің жеке көлем индексі 111 % құрады. Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 5,1 млрд. теңгені құрады, өткен жылдың деңгейінен 8 %-ға артық. Шағын және орта бизнес саласы табысты дамуда. Осы сектордағы даму қарқыны бюджетке түсетін төлемдердің өсуімен расталады. 2013 жылдың қорытындысы бойынша барлық деңгейдегі бюджеттерге 60,2 млрд. теңге салықтар мен басқа да міндетті төлемдер түскен, соның ішінде шағын және орта бизнес субъектілерінен 2012 жылға қарағанда 107 %-ға өсуімен 23 млрд.теңге түскен. Қалалық бюджетке салықтардың түсу көлемі 11 млрд. аса теңгені құрады,  яғни 2012 жылға қарағанда 106 %-ға өскен.

         Өткен есеп берулер барысында айтылған ескертулер мен ұсыныстардың орындалу барысы туралы жеке ақпарат берілді.

         Әкімнің 17 есеп беру кездесуінде барлығы 2616 адам қатысқан. Өңірдің дамуы мәселесі жөнінде 50 екібастұздық өздерінің ой – пікірлерін айтты. Көбінесе мәселелер әлеуметтік салаға қатысты болды. Яғни, олар тұрғын үй саласындағы проблемалар, жер мәселелері, жолдарды жөндеу және құрылысы, білім беру, денсаулық сақтау нысандарына қатысты мәселелер, электрлендіру, абаттандыру, елді мекендердің снитарлық және экологиялық жағдайы.

         Қабылдауды жақсарту үшін есеп беру өңірдің әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы фильмдер мен слайдтар көрсетумен өткізілді.