Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылы есеп беру кездесулерінде тұрғындармен айтылған ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс -шаралар туралы

2014 жылғы 07 ақпан № 134/2

 

Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылы есеп беру кездесулерінде тұрғындармен айтылған ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс -шаралар туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару                            және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31 - бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы «Әкімдердің тұрғындармен есеп беру кездесулерін өткізуі туралы» № 615 Жарлығына сәйкес Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:      

1. Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылы есеп беру кездесулерінде  тұрғындармен айтылған ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі  іс-шаралар (бұдан әрі – Іс - шаралар) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

3. Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы:

1) Іс - шаралардың орындалу барысы туралы Екібастұз қаласының тұрғындарын тоқсан сайын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар  етіп отырсын;

2) Іс - шаралардың орындалуын тоқсан сайын қала әкімдігінің отырыстарында және жыл қорытындысы бойынша Екібастұз қалалық мәслихатының сессиясында қарауды қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасарларына,  аппарат басшысына және кеңесшісіне жүктелсін.

 

 

 Екібастұз қаласының

              әкімі                                                                                         А. Вербняк